Маңғыстау облысы Дін істері басқармасының мемлекеттік-әлеуметтік тапсырысы аясында 2022 жылдың 16 қазан күні «Спорт – салауат – шынығу» атты ер жамағаты арасында футбол кубогы өтті. Шараға облыс бойынша 30-дан аса жамағат қатысты.
Шараның ашылу салтанатында ҚМДБ-ның Жаңаөзен қаласы бойынша бас имамы Юнус Қадырқұлылы қатысып, сөз сөйледі. Қаланың бас имамы өз сөзінде халық денсаулығы тек медицина қызметкерлерінің кәсіби тірлігі ғана емес, бүкіл қоғамның тұтас денсаулық сақтауға және нығайтуға арналған үйлескен іс-қимыл әрекеттерінің жемісі екенін баршамыз да ұғынуға тиіспіз. Сонда ғана қоршаған ортаны сақтай отырып, таза су ішіп, дұрыс тамақтанып, иманды және салауатты өмір салттарын тұрақты қалыптастырсақ болашақтың жарқын кепілі болмақ.
«Денсаулық –зор байлық, адам бақытының бастауы» – дейді халқымыз . Ата бабаларымыздың бұл дана ой –пікірі талай ғасырлар белесінен өтіп бізге жетіп отырған шындық. Ұлттың денсаулығы ұлан асыр байлық екені рас, тек оған ие болу үшін көп күштер жұмсауымыз қажет. Денсаулық адамға бірақ рет берілетін табиғат тартуы. Ол тұрақты, мәңгілікке берілмейді, үзбей өзгерісте болады. Оны сақтау үшін еңбек сіңіру, ауырмай тұрып іс – әрекет жасау керек. Оған нақты білім, ынта-ықылас, ерік –жігер қажет, онсыз баянды, әрі ұзақ денсаулықты сақтау қиын .
Футбол жарысына «Бірлік», «Шаңырақ», «Достық» және «Фурқан» командалары қатысты. 1-ші орынды «Достық», 2-ші орынды«Фурқан», 3-ші орынды «Бірлік» командасы иеленді.
Спортқа қатысушылардың иелененген орындарына байланысты діни танымдық және ағартушылық бағыттағы діни кітаптар, дипломдар мен кубоктар сыйға берілді.