Ресейдің Кавказ аймағы – бұрыннан талантты балуандарға бай мекен. Бұл жерде барлық күрес түрлерінің қуатты мектебі қалыптасқан.
Дегенмен, бәсекелестіктің жоғары болуы себепті мықты спортшылардың бәрі ел құрамасынан орын ала алмайтындықтан, кейбірі басқа мемлекеттердің туы астында өнер көрсетіп жүр. Ал Украинаға қарсы басқыншылық соғыстан кейін Ресей барлық халықаралық жарыстардан шеттетілгеннен кейін ол елдің спортшылары шетке кетуге мәжбүр. Бұдан балуандар да тыс қалмады.
Бүгін 23 жасқа дейінгі балуандар арасында күрестен Еуропа біріншілігі жалауын желбіретті. Бұл жарысқа Францияның бірде-бір балуаны іріктеуден өте алмады. Сондықтан олардың орнын Ресейден келген спортшылар басты.
Жарыс 6 салмақ дәрежесінде өтеді. Франция құрамасындағы 6 спортшының бәрі де – ресейліктер, оның ішінде шешендер. Атап айтқанда, олар – Адам Бибулатов, Хамзат Арсамерзуев, Мухаммед-Әмин Сангариев, Магомед Делиев, Рахим Магомадов және Адлан Висханов.
Бұл балуандар Парижде өтетін олимпиада ойындарына жолдама алу үшін бақ сынайды. Мамандар олардан үлкен үміт күтіп отыр.