2022 жылдың жазында Франция экологиялық апаттың ауыр соққысын бастан кешіруде. Қазір Батыс, Орталық және Оңтүстік Еуропада жауын жаумағалы 2 айдан асты. Құрғақшылық ауыл шаруашылығына қатерін төндіріп тұр.
Франция мұсылмандары діни кеңесінің президенті Рона-Альпі Бенаисса Хана мешітке келуші жамағатты жауын сұрау құлшылығы – тасаттық намазын оқуға шақырды.
Бұған дейін Француз мешіттерінің одағы да дәл осындай бастама көтерген болатын.
“Бәрі Құдайдың қолында. Бізге Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) үйреткендей, өзіміз мұқтаж нәрсені Алладан сұрауымыз керек”, – деді Бенаисса Хана.
Сарапшылардың пікірінше, бұл соңғы 500 жылда орын алып отырған ең қатты құрғақшылық.
Айта кетейік, биыл еліміздің батыс өңірінде де ұзақ уақыт жаңбыр болмағаннан кейін имамдардың бастамасымен жұртшылық тасаттық бергені белгілі. Дін десе төбе шашы тік тұратын өзіміздің “мұсылмандар” мұны күлкіге айналдырып, келемеж қылған еді. Бірақ артынша Алла тағала жаңбырды үйіп-төгіп жаудырған соң, күпірлік қылушылардың ауыздарына құм құйылды.
Фото: Ричлонардо/ Depositphotos