Сейсенбі, 23 Қыркүйек, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ежелгі Отырар ашық аспан астындағы музей ретінде жұмыс істейді

11.12.2022
- Жаңалықтар, Таңдаулы
0
646
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Археолог-ғалымдар мен реставраторлар «Ежелгі Отырар қаласын ішінара қалпына келтіру» жобасы аясында тиісті жұмыстарды толығымен аяқтады, деп хабарлайды Kazislam.kz.

Мәдениет және спорт министрлігінің хабаралуынша, 10 желтоқсанда Түркістан облысында министр Дәурен Абаевқа реставрациялық, археологиялық қазбалар мен музеефикациялау бойынша жұмыс нәтижелері таныстырылды.

Ғалымдар ежелгі қалашық аумағында Ақ Орда билеушісі Ерзен хан салған Ханаканың орнын тапты. Сондай-ақ мамандар күйдірілген кірпіштен қаланған мешіт пен XV ғасырдың басында Әмір Темір Тоқтамыс ханның елшілерін қабылдаған Бердібек сарайын ішінара реставрациялады, «Жарақты», Солтүстік және Сопыхан қақпаларын толығымен қалпына келтірді.

Қалаға «Жарақты» қақпасы арқылы кірген тұста тұрғын үйлер мен қыш шеберханасы бар кешен табылды. Тұрғын үйлердің маңында өндіріс орындары орналасқан, онда қыш ыдыстар жасалатын екі камералы пеш пен қыш бұйымдар кептірілетін алаң анықталды. Ғалымдар тұрғын үйлердегі шеберханалар XV-XVI ғасырларда жұмыс істегенін айтады. Сондай-ақ, XVII ғасырдағы базар алаңында да қазба жұмыстары жүргізілді, онда наубайхана кешені және тұрғын үй орамы анықталып, реставрациялау мен консервациялау жұмыстары жүргізілді.

«Өмір ағашы»: бірлік пен үндестіктің символы

«Өмір ағашы»: бірлік пен үндестіктің символы

23.09.2025
«HALAL EXPO-2025» көрмесі мәресіне жетті

«HALAL EXPO-2025» көрмесі мәресіне жетті

23.09.2025

Үш жылға созылған ауқымды жоба аясында ескерткіштерді сақтау және туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Отырар қаласының аумағында бейнебақылау камералары орнатылды, көшелер электр шамдарымен жарықтандырылды, жаяу жүргіншілер мен электрокарларға арналған жолдар салынды, туристердің демалуына арналған орындықтар, субұрқақтар, модульдік дәретханалар мен қоқыс жәшіктері орнатылды.

Отырар қалашығын ішінара қалпына келтіру жобасы бойынша жұмыс нәтижелерімен танысу барысында Дәурен Абаев турбизнес өкілдерімен кездесті. Жиында министр «Ұлы Жібек жолы» турын ұйымдастырып, жетілдіру бойынша тапсырма берді.

«Отырар қалашығының аумағында ауқымды жұмыс атқарылды. Енді Алматы Тараз, Шымкент, Түркістан сияқты қалаларды және оңтүстік өңірдің барлық негізгі мәдени-тарихи объектілерін қамтитын «Ұлы Жібек жолы» гранд-маршрут құру қажет. Туристерге Тараздағы Айша бибі, Бабаджа хатун, Тектұрмас кесенелерін; одан әрі Шымкенттегі Ибраһим ата кесенесі мен цитадельді; Түркістандағы Арыстан баб және Ахмет Яссауи кесенелері, кейін Отырар және Сауран қалашықтары сияқты тарихи-мәдени нысандар кіретін туристік бағыт ұсыну қажет. Егер турпакеттер дұрыс ұйымдастырылса, бұл бағыт шетелдіктер үшін ғана емес, жергілікті туристер үшін де қызықты болады», — деді Дәурен Абаев.

Өз кезегінде отандық туроператорлар халықты 1-7 күн ішінде киелі және тарихи орындарға апару бойынша турлар ұсынуға дайын екенін жеткізді.

Айта кетейік, енді Отырар қалашығы ашық аспан астындағы музей ретінде жұмыс істеп, туристерді қабылдайтын болады.

Таңбалар: Дәурен Абаевтарих
Бөлісу16Твитерге10Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Археологтар су астынан ежелгі жәдігерлерді тапты
Жаңалықтар

Археологтар су астынан ежелгі жәдігерлерді тапты

08.09.2025
Қазақ хандығы тұсында халық қай тілде сөйледі
Сұхбат

Қазақ хандығы тұсында халық қай тілде сөйледі

10.08.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Мұсылмандарға футбол көруге бола ма?

Мұсылмандарға футбол көруге бола ма?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Шұлыққа мәсіх тартуға бола ма?
Сұрақ-жауап

Шұлыққа мәсіх тартуға бола ма?

23.09.2025
«Өмір ағашы»: бірлік пен үндестіктің символы
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі

«Өмір ағашы»: бірлік пен үндестіктің символы

23.09.2025
«HALAL EXPO-2025» көрмесі мәресіне жетті
Жаңалықтар

«HALAL EXPO-2025» көрмесі мәресіне жетті

23.09.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

      Update Required Flash plugin
      -
      00:00
      00:00
        Сұрақ қою
        Сұрақ қою