Сұрақ: Батыс елдеріндегі исламофобтық әрекеттер Исламның таралуына кедергі келтіре ме?
Жауап: Расында да исламның оппоненттері батыста барынша исламофобтық пікір қалыптастыруға күш салуда. Мысалы, Құранның өртелуі, Исламның қайта-қайта терроризммен теңестірілуі, пайғамбардың (с.ғ.с.) суретін мазақ етіп салуы және т.б. Алайда бұл жағдайлар Исламның әлемде, әсіресе сол Еуропада кеңінен таралуына айтарлықтай бөгет жасап жатқан жоқ. Керісінше Ислам қарқынды дамуда.
Мәселен интернеттегі ашық дереккөздерді зерделейтін болсақ, онда Еуропа ғалымдарының «Жақын арада біз білетін Еуропа өмір сүруін тоқтатады», деп дабыл қағып жатқанын көреміз. Неміс мамандары 2050-жылдарда Германияда Ислам саны мен ықпалы жағынан негізгі дінге айналатынын айтып жүр. Ал 2027 жылға қарай әрбір бесінші француз мұсылман болатын көрінеді. Мамандардың айтуынша бұл үрдіс жалғаса берсе, Франция небәрі 35 жылда Ислам республикасына айналады екен.
Сонымен қатар Ұлыбританияда 1000-нан астам мешіт тіркелсе, олардың басым бөлігі бұрын шіркеу қызметін атқарған.
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ