Қазан айындағы Мүгедектер күніне орай ерекше балаларды қоғамдық ортаға тартып, көпшілік назарынан тыс қалдырмай, қолдау көрсету мақсатында ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен елордадағы кинотеатрларда мультфильм көрсетілді.
Астанадағы «Керуен» және «Азия парк» ойын-сауық орталықтарындағы «Kinopark 7 IMAX» және «Арман» кинотеатрларында мүгедектігі бар 53 балаға тегін билет берілді. Аталмыш қайырымдылық шара барысында ерекше балалар ата-аналарымен бірге көтеріңкі көңіл-күйге бөленіп, тәттілер мен сусындардан дәм татты.