Бүгін ел қоржынына алғашқы олимпиада алтыны түсті. Оны дзюдошы Елдос Сметов алды.
Ол финалда француз балуанын 1:0 есебімен ұтты.
Айта кетсек, Елдостың еншісінде олимпия ойындарының барлық медалі бар. Ол Риода күміс, Токиода қола медаль алған еді.
«Ер кезегі үшке дейін» деген осы!