Бірде Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) немере ағасы Аббас ибн Әбуталибке (Алла оған разы болсын) қарап тұрып:
– Мен сенің көркіңе қызығамын, – дейді. Сонда Аббас ибн Әбуталиб (Алла оған разы болсын) Расулалладан:
– Иә, Алланың елшісі! Ер адамның көркі қай жерінде болады? – деп сұрайды. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):
– Адамның тілінде, – деп жауап беріпті.
Біз айтып жүргендей, сақалында емес, бәлки көркем сөйлеуінде екен. Өйткені, Аббас ибн Әбуталиб (Алла оған разы болсын) әрдайым көркем сөйлейді екен. Оны бір рет естіген адам жақсы көріп қалатын болыпты.
Бірде одан: «Сіз үлкенсіз бе, әлде Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үлкен бе?» – деп сұрағанда, ол:
«Расулалла үлкен, мен тек ертерек туғанмын ғой», – деп жауап қайтады.
Біз ер адамдар намаз оқып жүріп, кейде жұбайымызға, бала-шағамызға, мұсылман бауырымызға қатты сөйлеп қоямыз. Ол ер адамды көрікті ететін амал емес. Алла баршамызға көркем сөйлеуді нәсіп етсін!
(Өзбекстан имамы насихатынан үзінді)
Дайындаған Қуат ҚАБДОЛДА