Бірде бір кісі ардақты Пайғамбарымыздан (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «Аллаға /ең/ ұнамды құлдары кімдер?» – деп сұраған екен. Сонда Алла елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) оған: «Ең көркем мінезділері» дегені риуаят етіледі.
Әлгі адам тағы да: «Уа, Расулла! Мүміндердің ішіндегі ең ақылдысы кімдер?» деп сұрайды. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) оған: «Ең ақылды адам – өлім туралы көп ойланып, оған дайындалып жүретін адам» депті.
Мұрат БАЙТУҒАНОВ,
Алматы облысы, Жамбыл ауданы,
Самсы ауылдық «Сәмен баба» мешітінің имамы