Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының міндеттерін іске асыру шеңберінде қызметкерлердің біліктілігін арттыруға, сондай-ақ жалған діни ағымдар өкілдерінде туындайтын діни-экстремистік және деструктивті сипаттағы әртүрлі идеологиялардың таралуына жол бермеу мақсатында теологтар мен дінтанушылардың біліктілігін арттырып отыру қажет. Оларға арналған семинар-тренингтер мемлекеттің дін саласында жүргізіп жатқан саясатын одан әрі ілгерілетуге өз септігін тигізері сөзсіз.
Бұл іс-шара теологтар мен дінтанушылардың кәсіби өсуіне ықпал етіп, тың ақпараттармен сусындауына әсерін тигізеді.
Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаға байланысты «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде, Катаркөл көлінің жағасында, «Green wood» оқу орталығында теологтар мен дінтанушылардың біліктілігін арттыру бойынша 3 күндік іс-шара өтті.
Жоғары білікті мамандар теологтар мен дінтанушыларды теология, психология және шешендік өнердің 3 бағыты бойынша оқытты.
Іс-шараны «Астана қаласының Дін істері басқармасы» ММ қолдауымен Астана қаласының «Діндерді зерттеу орталығы» ЖШС ұйымдастырды.
Іс-шараға спикер ҚР АҚДМ ДІК оңалту жұмысын үйлестіру басқармасының басшысы Есбергенов Ерлан Жұмажанұлы, Астана қ. Дін істері жөніндегі басқармасы” ММ басшысы Әлмұханов Нұрдәулет Иманәліұлы, Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры, философия ғылымдарының кандидаты Кеңшілік Тышхан, психология ғылымдарының кандидаты Сәуле Ізбасарова, сертификатталған ЅММ маманы Меруерт Алжанова, көпшілік алдында сөз сөйлеудің жаттықтырушысы және сарапшысы Толқын Аманбек шақырылды.