Стамбұл әуежайында арнайы жедел алдын алу шарасы кезінде жалған құжаттармен Қазақстаннан Иранға өткен террорист ұсталды, деп хабарлайды Экспресс К.
Daily Sabah басылымының жазуынша, күдікті Ирак-Иран шекарасында жасақ басқарып, Сирияға қару-жарақ жеткізумен айналысқан. Қолға түскен лаңкес Күрдістанның жұмысшы партиясының террорисі. Лақап аты “Кендал Нуман Амед”.
Лаңкес Иранға Қазақстан арқылы жалған жеке куәлік және төлқұжатпен өтпек болған,
— деп жазды Daily Sabah басылымы.
Қазіргі уақытта террорист сот шешімімен қамауға алынды.