Пайғамбар (с.ғ.с.) «Пәтуа беруге асыққандар – тозаққа асыққандар», – дейді. ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің Алматы қаласы бойынша жауапты маманы Елбек Тасболатұлы қазіргі таңда арнайы діни білімі болмаса да, қызыл тілге сүйеніп пәтуа айтқыштар көбейіп кеткенін айтады. Әсіресе мұндай жағдайлар жат ағымдағы азаматтар арасында көп байқалуда.