Бүгін елордада «Конфессияаралық келісім – Қазақстан тәуелсіздігінің негізі» атты халықаралық конференция өтті. Келелі жиынға еліміздегі дәстүрлі дін лидерлері мен қоғам белсенділері қатысты.
Шара барысында сала мамандары тәуелсіздікпен бірге руханияттың 30 жылында тарихи өркениеттік және әлеуметтік-мәдени негіздердің қаланғанын тілге тиек етті.