Шымкентте экстремистік бағыттағы материалдарды таратқан тұрғын ұсталды.
Шымкент қаласы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде күдікті қолға түсті. 40 жастағы жергілікті тұрғын әкімшілік жауапқа тартылды.
«Күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 490-бабының 1-бөлігі 3-тармағымен (Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу, діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де материалдарды, діни мақсаттағы заттарды әкелуге, әзірлеуге, шығаруға, басып шығаруға және (немесе) таратуға көзделген құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік іс қозғалған. Сот қаулысымен деструктивті діни ағым ұстанушысы кінәлі деп танылып, оған 153 000 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды»-делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.