Қызылорда облысында экстремистік бағыттағы материалдарды сақтаған деструктивті діни ағымды ұстанатын тұрғын ұсталды.
Бұл бағытта Қызылорда облысы Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді.
«Нәтижесінде экстремистік бағыттағы материалдарды сақтаған Қазалы ауданының деструктивті діни ағымын ұстанатын 30 жастағы тұрғыны қолға түсті. Одан тұрғылықты мекенжайы бойынша экстремистік бағыттағы кітаптар мен жазбалар тәркіленді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.
Ведомство мәліметінше, оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері басталды. Онда әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру жағдайы көрсетілген.