Сұрақ: Өте қауырт жағдай туындап, намазды уақытында оқуға шама келмесе, екі намазды қосып оқыған жөн бе әлде қазаға қалдырған дұрыс па?
Жауап: Әрбір мұсылман баласына күніне бес уақыт намаз оқу парыз. Әр намаз өз уақытында өтелуі тиіс.
Намаз діннің тірегі ретінде қабылданғаны үшін ешқандай сылтауға жол берілмеген, ал тастамай оқылуы үшін жеңілдіктер бар. Осыған орай, ханафидан басқа мәзһабтарда (араларында кей мәселелерде әртүрлі көзқарас туындаған) сапар мен ауру секілді себептерде әдетке айналдырмау шартымен намаздарды қосып оқуға болады.
Сондықтан намазды уақытында өтеуде қиналып тұрғандар жоғарыдағы шарттарға сай, Алланың алдындағы жауапкершілікті ұмытпай, өздері шешім қабылдағандары абзал.
Тағы бір айта кететін жайт, жоғарыда айтылған өте қауырт шарттарда «жамағ» жасау намаздың қазаға қалғанына қарағанда дұрысырақ шешім деп айтуға болады.
Кейбир жагдайда шайтанның азгырганына кирип кетесин