Күндердің күнінде бір бақташының екі есегі болыпты. Ол сол есектердің біріне 5 қап тұз, екіншісіне 5 үлкен бос ыдыс табақ артып көрші ауылға жөнелтіпті.
Жарты жолда тұз артылған есек заттың ауырлығынан қатты шаршап, қалжырай бастайды. Ал, ыдыс-табақ көтерген есек керісінше заттың жеңілдігінен өзін еркін ұстайды. Содан жолдың жағасында су жиналған суайдын шығады. Әлгі қалжыраған есек шаршаған бойын бір сергітіп, күш жинап алайын деп суға бір батып шығады. Судан жағаға шыққан бойда өзін жаңа туылғандай, арқасына ештеңе артпағандай жеңіл сезінеді. Сөйтсе, қаптағы тұз судан еріп кеткен болатын. Мұны көрген екінші есек сергіп алайын деп суға бата кетеді. Судан шыққан бойда белі үзіліп кете жаздап, өзін жағаға әрең алып шығады. Сөйтсе, әлгі артылған бос ыдыс-табақ суға толып шыққан екен.
Түйін: Өмірде кейде өзің жақсы деп ойлаған нәрсе зиянын тигізуі мімкін ал, жаман деп ойлаған нәрсесі қайырлы болуы мүмкін.
Жалғас АСХАТҰЛЫ,
дінтанушы