Жаратқанның сөзі: «Аллаһ сендер мен дұшпандықта болған кісілердің арасында махаббат орнатуы мүмкін, шыныменде Аллаһ құдіретті, әрі тым кешірімді, ерекше мейірімді! Аллаһ дін үшін сендермен бірге соғыспағандарға және сіздерді қоныстарыңыздан қумағандарға жақсылық қылуларыңа, әділдік етулеріңе тыйым салмайды – шынында Аллаһ әділеттілерді жақсы көреді. Аллаһ сендермен дін үшін соғысып, бірақ сіздерді қоныстарыңыздан қуып және сіздің қуылуыңызға көмектескендерді дос тұтуларыңызға тыйым салады. Кім оларды дос көрсе солар – залымдар».
(60 сүре. «Сыналушы», 7-9 аяттар)
Әкелер мен балалар, бауырлар мен қарындастар арасы ажырасқаннан кейін, туған-туыс пен туыс арасындағы жанжалдардан кейін оның дауысы естілді: «Аллаһ, сендермен жауласқан адамдардың арасында махаббат орнатуы мүмкін, шыныменде Аллаһ өте құдіретті!» Бұл қасиетті аят (өзінің таза лебімен, қарқынды сыңғырымен және таза тыныштығымен діндарлар жүрегіне) көпқұдайшыл туыстары мен арасындағы ұзаққа созылған жауластық пен жаттанудан кейін махаббат орнатады. Ол діндарларға былай айтты: «Сіздер мен көпқұдайшыл туыстарыңыздың арасында ұзақ уақыт жауласудан кейін, мүмкін Аллаһ махаббат пен жаттанудың орнына татушылықты орнатар. Және де біліңдер, Ол (оның даңқы арта берсін!) өте құдіретті, кім өкініп оған бет бұрса, оларға оның кешірімі мен мейірімі кең», немесе ол айтты:
«…Менің мейірімім кез келген нәрсені қамтиды, сондықтан Мен оларды құдайдан қорқушыларға, тазартатын зекетті беретін-дерге, біздің белгілерге сенетіндерге, оларда Таурат пен Інжілде жазылғандай Елшінің ғылым емес, Пайғамбардың артынан еретіндерге жазып қоямын. Ол жақсылыққа ұмтылдырады және жамандықтан аулақ етеді, игілікке рұқсат береді және жауыздыққа тыйым салады, олардың басындағы ауыртпалық пен қысымшылықты алып тастайды.
Жаратушы (Ол Ұлы және Құдіретті) өзінің уәдесін орындады және шамалы уақыттан кейін Қыжыраның 8 жылдық рамадан айында ұлы жеңімпаз жаңалық ашылуы және адамдар Аллаһтың дініне топ болып кіргеннен кейін кез келген туысқан өз туысымен кездесті, ал алауыздық барлығы Аллаһқа, Әлемнің Жаратушысына шынайылықпен табылғаннан кейін махаббатқа орнын берді.
Содан соң Ол (Оның даңқы арта берсін!) 8-9 екі аятты түсіреді, діндарлар үшін олармен дінде бөлінетіндер арасы соғысып жатқанда, бейбіт кезде, жауласқанда достықта қандай жол ұстануды ашық, анық түрде түсіндіреді. Бұл жол қысқаша мынаған саяды: кім бізбен дінді мұсылман болып қала отырып, бізге зиян жеткізбесе, бірақ, керісінше бізге бейбіт қолын созса, біз оған бейбітшілікке бейбіт, қауіпсіздікке қауіпсіздік, олармен құдайшылықпен тақуалық пен жауласпай күнәсіз түрде жауап беруге тиіспіз. Ал енді, кім біздің сенімімізге, құдіретті Аллаһтың жүктеген кез келген ісіне, шаруашылығымызға, біздің ортақ мүддемізге зиян келтірсе, қандай да бір әдістер арқылы болмасын кесірін тигізсе, онда олардан барлық құқықтарымыз бен өзімізді қорғауға Аллаһ рұқсат етеді.
Міне жоғарыда көрсетілген ережеде аталған екі аяттың біріншісінен бастап қалай орныққан: «Сендермен дін үшін соғыс-пағандардан және сендерді қоныстарыңнан қуып шықпағандардан Аллаһ теріс айналдырмайды. Сендер оларға мейірімділік көрсетуле-ріңіз керек, оларға әділетті болуларың керек, – өйткені Аллаһ әділет-тілерді сүйеді!»
Аяттың мағынасы келесідей: «Ей, діндарлар, Аллаһ сендерге өздеріңнен басқа діндегілерге мейірім, жақсылық, демеу – көрсеткендерің үшін, сіздің мұсылман болғаныңыз үшін соғыс жарияламай тұғанда, қандай да бір сенің дініңе немесе өміріңе қастық жасамай тұрған кезінде сүйіспеншілік орнатты. Сіз олармен әділетті болуыңыз керек, өйткені аспан мен жер әділеттілікте тұр, Аллаһ туралықты бұйырады: «Егер сендер өзара сөйлессеңдерде, туыстарға әділетті болыңдар» пікірдегі әділеттілік: «Адамдар арасында пікір айтқанда әділетті болыңыз», куәліктегі әділеттілік: «Араларыңыздан екі әділетті кісіні алып, Аллаһтың алдында куәгер жасаңыз», адамдарды жарастырудағы әділетттілік: «Егерде сенушілерден екі жол бір-бірімен шайқасса, оларды бітімге келтіріңдер.
Егер біреуі екіншісіне әділетсіз болса, онда қашан ол Аллаһтың бұйрығына бет бұрғанша, екіншісі жағында ұрыс салыңдар, егер ол бет бұрса, онда оларды алаламай татуластырыңдар: өйткені Аллаһ екі жаққа бірдейлерді ұнатады! Сенушілер бауырлар емес пе. Екі бауырыңызды жарастырыңыздар және Аллаһтан қорқыңыздар – мүмкін сіздер кешірім берер», адамдар қарым қатынасындағы әділеттілік: «Сіздердің араларыңызды әділ адам жазсын», – доспен және қас, бай мен кедей, алыс пен жақын әділеттілігі, Оның сөзі бойынша: «Сіздер сенушілер, әділеттілік тәубе келтірушілер Аллаһтың алдында берік болыңыздар. Сіздер әділеттілікті бұзып күнәға батқанша адамдарды жеккөрушілік тумасын. Бұл Құдайдан қорқумен бірдей, әділ болыңыздар».
Егер әділеттілік халықтарды бақытқа жеткізіп, қауіпсіздікті, бейбітшілік, тыныштық, қырып жоюдан сақтаса, әділеттіліктің салдары осындай болатын болса, әділетсіздік халықтардың олардың болмысының негізіне жататын ұстанымдарын жойып құртуға әкеледі. Аллаһ шын айтады: «Олар қулық ойлады, Бізде қулық ойладық, ал олар білмеді. Қараңыз, олардың қулығының аяғының не болғанын: Біз – оларды және олардың халқын барлығын жоқ еттік. Мына бұзылып жатқандар, олардың әділетсіздіктері үшін бұзылған үйлері. Білетін адамдарға шынымен де бұл белгі! Ұлы мәртебелі Аллаһ қасиеті Хадисте айтады: «Құлдарым менің! Шынында, мен өзіме әділетсіздікке тыйым салдым. Сендердің араларыңа да тыйым салдым, бір бірлеріңе әділетсіз болмаңдар».
Екінші аятқа келсек онда кімге біз қарсы шығуымыз керек. Және кімнен алыстап, олардың шабуылын бейнелеп келтірген шығындарына қайырылып қарауға: «Аллаһ сендерді діндерің үшін шайқасқан мекендеріңнен қуған, сендер оларды дос санамаған соң сендерді қуғындауға көмектескендерден жирендіреді, ал кім оларды дос етсе олар – опасыздар». Мағынасы: «Кім сендермен мұсылман болғандарың үшін соғысса, кім сендерді қоныстарыңыздан кетуге мәжбүрлесе, сендерді үйлеріңнен қуылуларыңа жауларыңа көмектескендерімен, олармен дос болуға олармен бірлесіп жұмыс істеуге Аллаһ мүлдем тыйым салады». Кімде кім осындайлармен біріксе, өз дініне өзіне өзі, өз ақылына, әділетсіз екенін білсін, ал оның салдары бұл дүниеде де, ол дүниеде де зиянға жеткізеді, Аллаһты оның Елшісін және Аллаһтың Елшісі біздің Әміріміз әкелген шариғатқа опасыздығы үшін.
Осы қарастырылып отырған екі аят мұсылмандар үшін олар өздерімен дінде бірге еместерімен, тіптен, ол батыстан немесе шығыстан, солтүстік немесе оңтүстік болмасын олармен қатынаста барлық уақытта және бар жерде олар заңға бағынуы керектігін анықтайды. Бұл Ұлы Мәртебелі Аллаһтың мұсылмандардың алдына қойған таразысы. Қасиетті аяттарда жоғарғы леппен бұйырылып билік адамгершілікті, Жоғарғы Мәртебелі Аллаһ бүкіл адамзатты бір ана, бір атадан жаратқаны жайлы үйренуімізді айтады: «Ей, адамдар! Құдайларыңнан қорқыңдар, сендерді бір жаннан жаратқан және одан өзіне теңді жаратты, олардан көптеген ер мен әйелді таратты ».
Жоғары Мәртебелі Аллаһ бұл аяттардан, өзінің мейірімі мен рахымының арқасында діндарларды үмттендірді, олардың жалбарынуларына жауап ретінде олардың бір бірімен соғысы нәтижесінде жиырма жылдық айырылуынан кейін әкелерімен, аналарымен, туыстарымен, жақындарымен қосқандығын көреміз.
Оларды татуластыра отырып, Ол әлі өздерінің пұтқа табыну-шылығын тастамағандарды жинап оларды мұсылман етті, «…олардың жүректерін біріктірді. Егер сен жер бетіндегінің барлығын тауыссаң, олардың жүрегін біріктірмес едің, бірақ олардың жүрегін Аллаһ біріктірді ». Бұл аяттар біздерді мұсылман заңдары бейбітшіл қолын кез келген, кім өздеріне қандай қатынас жасаса да, олардың діни сенімдеріне қарамай созу керектігіне үйретеді. Екіжүзділер мен өтірік сенушілерді тудырмас үшін, оларға зорлық жоқ: «Дінде зорлық жоқ. Тура жол адасушылықтан анық ерекшеленді.»
Бұл айтылғандардан, біздер мұсылман ретінде өркениеттер діндер, идеялардың қақтығысы туралы әңгімелерді қабылдай алмаймыз. Керісінше, біз өркениеттер бір-бірімен қақтығысады, бекітіледі. Және бірін-бірі бүкіл адамзатқа қызмет ету жолында қолдайды деп мақұлдаймыз. Шариғат мұсылман еместерге мұсылмандардан үйренуге және мұсылмандарға Аллаһ рұқсат еткендерінің шегінде басқалардың тәжірибиесінен пайдалануға бөгет жасамайды. Батыстың Шығыс өркениетінен, Солтүстік Оңтүстік өркениетінен және керісінше үйренуіне тосқауыл жоқ, өйткені адамдарға мейірім, жақсылық үздіксіз даму, адамгершілікті қабылдайды.
Бізге ислам заңдарының адам жанын, оның мұсылман немесе мұсылман еместігіне қарамастан қорғайтыны түсінікті болып отыр, Ол өзін қорғаудың оңайлату үшін ретінде әртүрлі құрамдарды пайдаланады. Кейбір бөлігі сыйлықтармен иландырудан, басқа бөлігі – қатал ескертулер мен жақтырмаудан тұрады. Осыған байланысты шариғат бойынша, біреуді әділетсіз өлтіру, бүкіл адамзатты өлтіргенмен бірдей деп есептелетінін айтсақ та жеткілікті: «Кім жанға жан немесе жерде зұлымдық жасаса онда ол бүкіл адамдарды өлтіргенмен бірдей. Ал кім оны тірілтсе, ол – барлығын тірілтеді» оның тірілуіне Аллаһ алдында шын куәгер бола отырып куәлендіріп әділетсіздікке оның әділетсіздігімен, өлтірушіге оның өлтіргенімен, бөгет болып, қысым көрушіні алдын ала сақтандырады.
Кім Исламдағы жихадты лаңкестікпен және озбырлық жауластықпен алмастырса, адасқандар мен надандар екенін осыдан түсінікті, өйткені исламдағы жихад тек қана ұлы мақсаттар үшін ғана заңды. Олардың маңыздыларына келесі екеуін жатқызуға болады. Біріншіден, Ұлы Мәртебелі Аллаһ әмірі – бізге дін, жан, отан, абырой, адам адамгершілігін қорғау. Екіншіден, қысым көрушілерге көмектесу мен әділетсіздікке жол бермеу.
Бұл айтылғандарды растау үшін, пайғамбарлық кезеңдегі барлық жорықтардың осы екі мәселені жүзеге асыруға бағытталғандығын еске алсақ жеткілікті. Бәдр шайқасында, өз мекендерінен заңсыз қуылғандарды қорғау шараларыв екенін белгілі. Қуғынға ұшыраған-дар былай деді: «Біздің құдайымыз Аллаһ!» Ухуд шайқасы, Ухуд тауынан көп құдайшылардың Мединаға жақындап келуінен қорғау үшін болды. Пайғамбар серіктеріне нұр сәулелі Мединаны жан жағынан көп құдайшылар қоршап алғаннан кейін оны қорғау мақсатында ашты. Меккенің Исламға жеңіспен ашылуы қысым көрушілерге көмектесу үшін, мұсылмандардың одақтасы – өздерінің көпқұдайшыл жауларынан қорлық көрген бану хуза тайпасын қолдау үшін болды.
Исламдағы жихад осындай. Ол тек қана қысым көрушілерді қорғау мақсатында, барлығынан қорғау үшін жүзеге асырылады.
Ал терроризм пен агрессияға келсек, онда олар өздері түбірінен тікелей жихадты терістеушілер және олардың арасы жер мен көктей. Олар бір-бірімен сыйыспайтын қарама-қарсылықтар. Егер исламдағы жихад шындық жолында қысым көрушілерді қолдауды мақсат етсе, ал лаңкестік пен озбырлық, өлтіру арқылы немесе жерін зорлықпен тартып алу, болмаса мекенін қирату, күн көрістен айыру немесе заңды құқығын мойындамау жолдары арқылы жүзеге асыру кейпіндегі әділетсіздікке жақтасып және өтірікке қызмет етеді. Одан келіп, Ислам шариғаты бүкіл адамзат арасында тыныштықты, бейбітшілікті, қауіпсіздік пен береке бірлікті үндейді. Шариғатпен қағидасы қайшылыққа тірелген ислам үмбеттері де кіреді, өйткені ол, мысалы басқа діндегі біреу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін оларға сұранса, мұсылмандарға қорған болуға бұйырады. Көрнекілік үшін біздің Пайғамбарымыз және қорғаушымыз, Аллаһтың Елшісіне (оған бейбітшілік болсын) Аллаһның сол арқылы ақыл иесіне айтқан сөзін келтірсек жеткілікті: «Егер саған көп Құдайшылардан біреу келіп баспана сұраса, ол қашан Құдай сөзін естігенше паналат. Одан кейін оны қауіпсіз жерге жеткізіп қой. Өйткені олар әлі хабар алмаған адамдар» . Немесе: «Сен, ей Елші, егер сенен көп құдайшылардың біреуі пана сұраса, ол Аллаһтың сөзін есту үшін Құранға құлақ асу үшін сен оны паналатып өмірін сақтауға тиіссің. Егер Аллаһ сөзін естіп, сеніп, сенің серігіңе қосылады, егер ол қабыл алмай өз еліне қайтқысы келсе, онда ей, Мейірімді Пайғамбар онда онымен бірге оны қорғай алатын біреуді, қашан ол еліне жеткенше қосып жібер. Біздің саған бұйырып отырғанымыз, көп құдайшылар Ақиқатты білмейтін адамдар болғандықтан, олар өз Отандарында тыныштықта және қауіпсіздікте бола отырып оны естулері үшін уақыт керек». Мұхаммед Пайғамбар (оған бейбітшілік болсын) өзінің анық хадистерінде өзінің серіктеріне Құдайдың осы бұйрығын өте ұқыптылықпен орындауларын бұйырды: «Егер біреу адамды қауіпсіздікте екендігіне сендіріп содан кейін өлтірсе, онда менің өлген адам құдайға сенуші болмаса да, өлтірушіге ешқандай қатысым болмайды».
Шынында Ислам Шариғаты бұл сенім мен тыныштықтың әлемдік заңы.
Нағыз қауіпсіздік дегеніміз халықтар арасында мейіріммен, дамумен, прогреспен, рақат өмірдің таралуы. Нағыз мұсылман – ол бұзушы емес, құрушы, бүлдіруші емес, қалаушы, гүлдендіруші, жауластықпен күнәһар емес, құдайшылдық пен және тахуалықпен басқалармен қарым-қатынас жасаушы.
Шейх Мухаммед Сейид Тантави.
http://www.islamrf.ru/news/library/books/4099 109