Қазіргі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының негізі 19 ғ-дың соңы мен 20 ғ-дың басында қалана бастады. 1906 ж. Верныйда Түркістан өлкесі мұсылмандарының 1 құрылтайы өтті, оған 100-ге жуық делегат қатысты.
1943 ж. Ташкентте Орта Азия мен Қазақстан мұсылмандарының алғашқы құрылтайы өтті. Оған Қазақстан делегациясын шейх Абд әл-Ғаффар Шамсутдинов (1884 – 1953) бастап барды. Құрылтайда Орта Азия мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы құрылып, төрағасы әрі Бас мүфти болып Ишан Бабахан Абдулмаджидхан (1856 – 1957) сайланды.
Қазақстанда қазият құрылып, Шамсутдинов қази болып тағайындалды. Ол 1946 жылдан бастап Орта Азия мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қазақстандағы өкілі, Алматы қ-ның имамы қызметін атқарды.
1952 – 72 жылдар аралығында Сәдуақас Ғылмани (1890 – 1972), 1972 – 79 жылдар аралығында Жахия қажы Бейсенбайұлы (1932 – 1997) қази болды. Орта Азия және Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы 1990 жылға дейін Ташкентте орналасқандықтан және кеңестік саясатқа байланысты Қазақстанның діни-рухани өміріне ықпал ете алған жоқ.
1990 жылғы 12 қаңтарда өткен Қазақстан мұсылмандарының тұңғыш құрылтайында дербес Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы құрылды. Басқарманың тұңғыш төрағасы, Бас мүфтиі Рәтбек Нысанбаев болды.
Қазақстан мұсылмандарының жұмысына басшылық жасап, оның жұмысын жүргізетін Бас мүфти басшылық ететін атқарушы орган ҚМДБ аппараты – мүфтият. ҚМДБ-ның 2000 ж. өткен ІІІ құрылтайда төрағасы, Бас мүфтиі болып, профессор Әбсаттар Дербісәлі сайланды. 2013 жылдың 19 ақпанында Қазақстан мұсылмандарының кезектен тыс өткен VII құрылтайында Маямеров Ержан Малғажыұлы Бас мүфти болып сайланды
ҚМДБ Ақылдастар алқасы, Қамқорлар кеңесі, ҚМДБ-ның төралқасы және Діни істер, шариат және мешіттер бөлімі, Халықар. байланыс, хаттама және қажылық бөлімі, Діни уағыз, оқу-ағарту секілді бөлімдер мен секторлардан, сондай-ақ, іс басқармасынан тұрады.
Басқарманың мақсаты мен міндеті: ислам дінін насихаттау, тарату, Мұхаммед (ғ.с.) пайғамбар уағыздарының дұрыс насихатталуын қамтамасыз ету, ислам дінінің, Қазақстан мұсылмандарының бірлігін сақтау, діни ұйымдардағы шариаттың толық әрі дұрыс орындалуын қамтамасыз ету, облыстардағы өкіл имамдар арқылы республика мұсылман жамағатының діни мәселелерін шешу, республикада ислам дінін оқытып-үйрететін мамандар даярлау, сондай-ақ, шет елдік діни ұйымдармен, бірлестіктермен, оқу орындарымен қарым-қатынас орнату, діни әдебиеттер, оқулықтар, т.б. қажетті басылымдарды әзірлеу. ҚМДБ құрылтайшылығымен ашылған халықар. Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті ун-ті мен имамдар білімін жетілдіруге арналған респ. Ислам ин-ты жұмыс істейді.[1]
Шариғат және пәтуа бөлімі
Қажылық бөлімі
Оқу-ағарту бөлімі
Баспасөз хатшысы
Кадр бөлімі
Іс басқармасы
Діни істер бөлімі
Мешіт істері бөлімі
Халықаралық қатынастар және хаттама бөлімі
Діни сараптама және ғылыми талдау бөлімі
Уағыз-насихат және Интернетпен жұмыс бөлімі
ҚМДБ-ның оқу орындары
«Нұр» Египет – Қазақстан университеті
Республикалық Имамдардың білімін жетілдіру Ислам Институты
«Қауам ад-Дин әл-Итқани әл-Фараби әт-Түркістани» республикалық қарилар дайындау орталығы
«Астана» медресесі
«Әбу Ханифа медресесі»
«Әбу Бәкір Сыддық» медресесі
ҚМДБ-ның облыстардағы өкілдіктері
Алматы қаласы
Алматы обл
Астана қаласы
Ақмола обл
Ақтөбе обл
Атырау обл
БҚО, Орал
Жезқазған аймағы
Жамбыл обл
Қарағанды обл
Қызылорда обл
Маңғыстау обл
ОҚО Шымкент
Қостанай обл
Өскемен аймағы
Павлодар обл
СҚО, Петропавл
Талдықорған аймағы
ШҚО, Семей
ҚМДБ жанынан шығатын газет-журналдар
Басқарма жанынан “Ислам және өркениет” атты газет (2000 жылдың қазанынан) және “Иман” атты журнал (2002 жылдың қарашасынан) шығады.
ҚМДБ Зекет қоры
ҚМДБ Зекет қоры 2011 жылды 3-ші маусымында Әділет Министрлігінде тіркелді. Қордың толық заңды атауы: «Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Зекет Қоры» Корпоративтік қоры.
ҚМДБ Зекет қоры – жеке және заңды тұлғалардың зекеттері мен садақаларын қабылдап, оны Шариғат үкімдеріне сай таратумен айналысатын ұйым.
Қордың құрылтайшысы – Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқарамасы.
ҚМДБ Зекет қорының Миссиясы:
Қасиетті Құран Кәрім мен сүнетті басшылыққа ала отырып, шариғат үкімдеріне сәйкес Қазақстан мұсылмандарының зекетінің жиналуы мен таратылуын жүзеге асыру
Мақсаттары:
- Өзін-өзі қаржылық тұрғыдан қамтамасыз ете алмайтын ауыл мешіттеріндегі дін қызметкерлеріне жалақы беру;
- Қазақстанның діни оқу орындарындағы студенттерге шәкіртақы тағайындау;
- Діни оқу орындарына ғимараттар салып, оларды техникалық базамен қамтамасыз ету;
- Қазақстанның діни медреселеріне заманауи студенттер үйін салу;
- Қажетті діни басылымдарды баспаға әзірлеп шығару, халыққа тарату;
- Ислам дінінің лайықты түрде насихатталуына қаржылай қолдау көрсету;
- Жағдайы төмен топтарға қаржылай көмек беру;
- ҚМДБ-ның басқа да діни қыметтеріне қаржылай қолдау көрсету.
Басты ұстанымы:
– Шариғатқа (Ханафи мәзһабы бойынша) сәйкестік – Халыққа ашықтық – Ресмилік
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет