Папа комиссиясының Ватикан қала-мемлекетінің істері жөніндегі Құрметті Президенті Джованни Лайоломен кездесу барысында Қ.Мәми Қазақстанның дінаралық үнқатысу мен конфессияаралық келісім салаларындағы бастамаларына қолдау білдіргені үшін Ватикан басшылығына алғыс айтты.
Қазақстан мен Ватикан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас орнаған кезден бері өзара сындарлы іс-қимыл қалыптасқанын атап өте келіп, Қ.Мәми бұл байланыстар діни лидерлер Съезі аясында да табысты ынтымақтастықты дамытуға серпін береді, деп атап өтті.
Рим Папасы XVI Бенедик жолдаған ізгі тілектерді жеткізе отырып, Д.Лайоло «Киелі Тақ жер жүзіндегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті қолдау ісіне елеулі үлес қосып келе жатқан осы қазақстандық Съезге ерекше маңыз беріп отыр», деп атап өтті.
«Адамзат үшін аясында діндер лидерлері ынтымақтаса алатын осындай Форумды өткізгені үшін Қазақстанға Ватикан алғыс білдіреді», – деді Д.Лайоло.
Папа комиссиясының Ватикан қала-мемлекетінің істері жөніндегі құрметті президенті Джованни Лайолоның Парламент сенатының төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының басшысы Қайрат Мәми съезд хатшылығының кезекті ХІ отырысына қатысушылармен кездесуіндегі сөзінен