Бүгін, 7 қыркүйекте, Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежановтың «Дін саласындағы жалпы жағдай туралы» тақырыбында брифингі өтті.
Брифинг барысында Е.Нүкежанов бірінші жартыжылдықта еліміздегі діни ахуалды қамтамасыз ету жұмыстарының нәтижелері мен Комитеттің алдында тұрған міндеттері туралы айтып берді.
Комитет төрағасы соңғы жүргізілген әлеуметтік зерттеулердің қорытындысы бойынша дін саласында жүргізіліп отырған мемлекеттік саясатты қолдаудың үлесі 87,6 %-ға жетіп отырғандығын атап өтті.
Комитет пандемия кезінде Интернет кеңістікте діни экстремизмнің алдын алу бойынша жұмыстарды күшейтуге ерекше назар аударып отыр. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында ақпараттық кеңістікте 62 мыңнан астам материал әзірленіп, жарияланды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп нәтиже. Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдармен жүргізілген кешенді жұмыстардың нәтижесінде 84 мыңнан астам адам әлеуметтік желілердегі радикалды насихат көздерінен шығарылған.
«Жусан» гуманитарлық операциясы аясында террористік белсенді аймақтардан оралған әйелдердің 96%-ы радикалды көзқарастарынан бас тартып, қоғамға бейімделуі ведомствоның атқарған жүйелі жұмыстарының маңызды нәтижелерінің бірі болып отыр.
Сондай-ақ, Е.Нүкежанов Діни қызмет саласындағы заңнаманы жетілдіру жөніндегі жұмыстарға тоқталды. Алдағы уақытта Комитет тарапынан діни бірлестіктерді тіркеу және діни рәсімдерді өткізу мәселелерін оңтайландыруды көздейтін түзетулер енгізу жоспарлануда.
Сонымен қатар, Е.Нүкежанов еліміздің діни бірлестіктеріне карантиндік шектеулерге түсіністік танытып, қиын кезеңде мемлекетке қолдау білдіргені үшін және халықтың діндар бөлігіне короновирусқа қарсы вакцина алуға шақыру жұмыстарындағы белсенділіктері үшін ерекше алғыс білдірді.
Брифинг соңында Комитет төрағасы журналистердің сұрақтарына жауап берді.