«Дінтану» мамандығы бойынша кадрлар гуманитарлық бағытта даярланатындықтан білім беру ұйымдарында оқытуды жүргізе алатын педагог-кадрлар қажет болды. Жалпы білім беретін мектептерде дінтануды оқытатын мұғалімдердің жетіспеушілігінің орнын толтыру мақсатында 2015 жылы наурыз айында Қазақстан Республикасы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтарыныңклассификаторына «Білім» бағыты бойынша «Тарих және дінтану»мамандығы енгізілді.
Аталған мамандық жалпы білім беретін ұйымдарға кадрларды даярлау үшін бағытталған. Сондықтан, жалпы білім беретін мектептердегі дінтану пәнін оқытатын дін саласындағы білікті мұғалімдердің жетіспеушілігі толтырылатын болды ден санаймын.