Ислам діні татулықты, ауызбіршілікті діттейді. Сондықтан біздің де көздегеніміз – дінаралық, конфессияаралық татулықты нығайтуға өзіндік үлес қосу.
Алла тағала Құран Кәрімде: «Дін турасында сендермен соғыспаған әрі сендерді өз Отандарыңнан қуып шығармаған адамдарға жақсылық жасауларыңа және оларға әділетті болуларыңа Алла тағала қарсы емес. Өйткені, Алла тағала әділеттілік жасағандарды жақсы көреді», – деген (Мумтахина сүресі, 7-аят).
Бұл аятта Алла тағала өзге дін өкілдерімен бейбіт ғұмыр кешуге, сондай-ақ мұсылмандардың оларға жақсылық әрі әділдік танытуларына рұқсат берген. Бұл ретте көпэтносты, көпдінді елімізде өзара келісім, руханият пен ынтымақтастықты нығайтудың маңызы зор.
Исламның өзге дәстүрлі діндерді әрі олардың пайғамбарлары мен кітаптарын мойындайтындығы әуел баста-ақ қасиетті Құранда айтылған. Бүгінгі жаһандану үдерісінің пәрменділігі халықтардың тіршілігінде көптеген жаңа проблемалар туындатуда. Сондықтан оның шарттарына төтеп беріп, түр-келбетіміз бен әдет-ғұрпымызды, мәдениетіміз бен өнерімізді сақтап қалу үшін бізге осы ортада өмір сүрудің парасатты жолы қажет.
Ол үшін, алдымен, халықтар арасында бір-біріне деген сенімді нығайтып, әдет-ғұрпы мен салтын, діни сенімі мен өркениетіне түсіністікпен, құрметпен қарау керек. Адамзат баласының сана-сезімінің, көп жағдайда, техникалық үрдіске бағындырылған кезеңінде, адам мен Құдай тағала арасындағы және түрлі діндерді дәріптейтін діндарлар арасындағы өзара байланысы сөз болғанда адамға тән адамгершілік ізгі қасиеттердің естен шығарылмағаны абзал.
Бүгінде елімізде 130-дан аса этникалық топ, 18 конфессия өкілдері бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп, 3700-ден астам діни бірлестік қызмет жасауда.
Мұсылмандар, христиандар және еврейлердің бас қосқаны, еліміздегі рухани келісімнің, тұрақтылықтың, түсіністіктің, сыйластықтың бар және бір-біріне қолдау көрсете алатынын көрсетеді.
Осы орайда, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қоғамдағы діни ахуалдың орталығы мен ұйытқысы болу жолында өзара түсіністікке жетелейтін есіктердің бірі болып келеді. Діни басқарма қазіргі күнде осы бағытта имамдар форумын өткізу, Дін істері басқармаларымен өзара қолтық жұмыс жасау, басқару тетіктерін жетілдіру, қоғамда жұмыс жүргізу және әртүрлі діни конфессиялармен меморандум бекітуде белсенділік танытуда.
Дін саласындағы уәкілетті орган болып табылатын Дін істері комитеті қоғамымызда дінаралық келісім мен тұрақтылықты нығайту ісінде мемлекеттің салиқалы саясатын табысты іске асыруда. Сондықтан тараптардың бірлесіп жұмыстар жүргізуге ниеттестігі көрініс тапқан келісім жасасуы құптарлық іс болды. Мұны үлкен жетістік және қол жеткізілген оң белес деп ұғынғанымыз абзал.
Өздеріңізге белгілі, өткен жылы қыркүйек айында діни бірлестіктердің қатысуымен «Ашық есік күні» болғанын ерекше айтуға болады. ҚМДБ-ның Ақтөбе облыстық өкілдігі «Нұр Ғасыр» мешітіне жиналған әртүрлі діни конфессиялардың «ашық есік күнінде» бас қосып, мешітті экскурсия жасап, келген қонақтармен сұрақ-жауап алмасып тіл табыса білгеніміз Рухани келісім күнін көпшілігімізге одан тереңірек ұғындыруға септігін тигізіп отыр.
Ізгілік, рақым, мейірімділік секілді мәңгілік ұғымдарды санаға дарыту арқылы адамдарды тазарту қажет. Адам түзелмей заман түзелмек емес. Бүлінген заманды түзеу адамның өз міндеті. Сондықтан біздің осылай басқосуымыз халықтар достығына, ұлтаралық, дінаралық татулықтың нығая түсуіне өз ықпалын тигізеді деп сенемін
Қазақта «Отаны бірдің – тілегі бір, тілегі бірдің жүрегі бір» деген жақсы сөз бар. Ислам діні татулық мен мейірімділікке шақырады. Адамдарға мейіріммен қарау, дауласқанды татуластыру, көршімен қарым-қатынаста болу мұсылманды нұрландыратын әрекеттер.
Осы орайда Пайғамбар Мұхаммедтің (ﷺ) хадисі есіме түсіп отыр. Бірде Алла елшісінің (ﷺ) әйелі Айша (р.а.): «Уа, Расулалла! Менің екі көршім бар, сыйды соның қайсысына берейін?» – деп сұрағанда, Алла Елшісі (ﷺ): «Есігі ең жақын орналасқанына», – деп жауап берген (Бұхари). Бұл хадис, өзге ұлт өкілі немесе өзге дін өкілі болғанына қарамастан көршімен тату болуға, мейіріммен қарауға, қайырымдылық жасауға шақырады.
Тәуелсіздік жылдары ішінде өзімізге тән тамаша дәстүрлер қалыптасты. Біз жыл сайын Рухани келісім күнін, Құрбан айт секілді діни мерекеліріміз бен өзге де дін өкілдерінің ұлттық, діни мерекелерін бірлесіп атап өтеміз. Бұл халық пен елдің, өзге діндер мен ұлттардың бөлінбей, керісінше бірге, тату болып отырғандығының көрінісі.
Әрбір отбасында тыныштық, береке болсын. Жаратушы Иемізден елімізге береке, бірлік, еңселі ел болуымызды тілеймін! Тәуелсіздігіміз мәңгі болғай!
Төлеби қажы ОСПАН,
Алматы қаласының бас имамы
Ислам діні татулықты, ауызбіршілікті діттейді. Сондықтан дінаралық, конфессияаралық татулықты нығайтуға керек деп ойлаймын.Ислам дінінің үкімдері адамдардың бақытын көздейді. Бұл үкімдерді орындап, соған сай амал жасағандар бұл дүниеде де, ақыретте де бақытқа кенеледі.
В целом да Ислам одна из миролюбивых религий в мире. И тем самым так как в нашей стране большинство населения исповедуют ислам, можно сказать то что в нашей стране отношение между конфессиями очень хороши. Ведь так как наша страна является многонациональной, в нашей стране проживают в мире и согласии 18 различных зарегистрированных конфессий. Наша страна подняла инициативу в этом плане, чтобы все конфессии были в хороших отношениях.
Ислам діні ақыл-есі дұрыс, өз еркімен иман келтірген адамдарды дүние және ақыретте игілік пен бақытқа жеткізетін иләһи дін. Жалпы дінаралық, конфессияаралық татулықты нығайтуға әр діни өкіл өз тұрғысынан өзіндік үлес қосу қажет. Бұл мақалада ашық, толығымен ислам тұрғысынан жазған екен. Өте жақсы жазылған, қолдаймын.
Оқыған адамға берері көп мақала!
Ислам діні бұрынғы пайғамбарлар насихаттаған дін үкімдерінің күшін жойған. Өйткені, олар белгілі бір халыққа әрі белгілі бір уақытқа жіберілген. Ал Ислам діні болса, барлық адамзатқа жіберілген әрі қи-ямет күніне дейін өзгермей жалғасатын дін.
Адамдар діндегі дұрыс ұстанымнан алыстаған кезде, жат ағымдардың ықпалымен санасы уланған уақытта осындай әрекеттерге, туыстық байланысты үзуге барады. Қазіргі күнде елімізде тыйым салына қоймаған ағымдар әлі де бар. Олардың тағылымдарын қарайтын болсақ, туысқандық қарым-қатынасты, әке мен баланың, ана мен қыздың арасын алшақтатып, бұзуға алып келетінін көруге болады. Басқа дін былай тұрсын, мұсылмандардың өзін бір-бірін жек көруге итермелейді.
Ислам – барлық діндерге құрметпен қарайтын дін. Әсіресе, яһуди, христиан дініндегілерге аса ілтипат көрсетіп, оларды «Кітап иелері» деп атайды. Осы диалог көп уақыттан бері Исламның дінаралық келісім жағында екенін білдіріп, достық, ынтымақ, бірлік жолында қызмет атқарып келеді.
Бейбітшілік, татулық, қарым-қатынас пен көркем достық, жақсылық пен өзара жәрдемдесу секілді игілікті істердің барлығы да Ислам діні насихатының негізі. Өйткені, Ислам – иман құндылығын бағалайтын күллі адамзатқа арналған дін. Сондықтан Ислам дінінің өз ұстанымы, көзқарасы, менталитеті, ерекшелігі бар.
М ұсылман өзге дін өкілдерін, тіпті дінсізді де «кәпірсің» деп ренжітпейді. Алайда, оның күпірлігіне разы да болмайды. Дінімізде күпір іске разы болу күпірлік саналады.
Ислам діні олармен, яғни өзге дін өкілімен мәмілеміз дұрыс, маңызды болуын, қарым-қатынасымыз ынсапты, әділ, тура болғанын қалайды. Егер арамызда соғыс болып жатпаса, сыйлық жасап, қарым-қатынасты нығайта беру керек деп ескертеді.
Асыл дініміздің ұлағатты да тәрбиелі қағидаларынан дінаралық татулық пен үйлесімнің адамзат атаулының алдында киелі борыш екенін ескерсек, сол киелі борышымызды әр саналы азамат тиесілі дәрежеде атқарса, қоғамымыздың тыныш та бейбіт ғұмыр кешетініне біздің күмәніміз жоқ.
Как известно, ислам является религией мира. В Казахстане большое количество приверженцев различных наций, соответственно, и религий. Но мусульман больше, чем остальных. Тем не менее, все люди живут в мире и спокойствии. В этом заключается особенность нашего государства – межконфессиональное согласие среди народа.
Необходимо укреплять взаимное доверие между народами, с пониманием и уважением относиться к обычаям и традициям, религиозным верованиям. В наше время, когда распространен технический прогресс, важно не забывать о человеческих добродетелях.
Иә, ислам сөзінің өзі “бейбіт” деген мағынаны білдіреді емес пе. Пайғамбарымыздың (Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өміріне қарайтын болсақ, басқа дін өкілдеріне мейірімді болуды насихаттап, алауыздықты құптамаған.
Ислам проповедует нам относится к другим конфессиям с терпимостью и осуждает вражду между религиями. Настоящий мусульманин не станет притеснять друг людей, которые исповедуют религии помимо ислама.
Исламның өзге дәстүрлі діндерді әрі олардың пайғамбарлары мен кітаптарын мойындайтындығы әуел баста-ақ қасиетті Құранда айтылған. Қазіргі жаһандану заманында халықтардың тіршілігінде көптеген жаңа проблемалар туындатуда. Сондықтан оның шарттарына төтеп беріп, түр-келбетіміз бен әдет-ғұрпымызды, мәдениетіміз бен өнерімізді сақтап қалу үшін бізге осы ортада өмір сүрудің дұрыс жолы қажет.
бүгінгі күні еліміздің өз бірлігін сақтап қана қоймай, әлем халқына тұрақтылықты, бейбітшілікті насихаттап, бірнеше жыл қатарынан саяси маңызды халықаралық жиындар өткізуге мұрындық болып, діндер мен ұлттар арасында түсіністіктің қалыптасуына ықпал еткен бірегей тәжірибелі, елге айналуымыз талай елдің ерекше қызығушылығын тудырып отыр
Ислам әлемдегі бейбітшіліксүйгіш діндердің бірі.
Біздің елімізде көпшілігі ислам дінін ұстанатындықтан, біздің елде конфессиялар арасындағы қарым-қатынас өте жақсы деп айтуға болады. Өйткені, біздің еліміз көпұлтты болғандықтан, біздің елімізде 18 түрлі тіркелген конфессиялар бейбітшілік пен келісімде өмір сүреді.
Діннің мемлекеттен бөлектігіне байланысты мемлекет дін істеріне араласпайды. Зайырлы мемлекеттегі барлық діндер тең құқылы және олардың бәріне бірдей талаптар қойылады
Зайырлылық қағидаты дегеніміз діни догманы мемлекеттен алшақтату, бірақ дінді қоғам өмірінен ажырату емес. Зайырлылықтың құндылықтар жүйесі адамның ойлау мәнері мен машықтарынан бастап киім үлгілеріне дейінгі мәдени феномендерді қамтиды.