Дін – тәрбие құралы. Уағыз – дінді насихаттаудың негізгі жолы. Ел территориясында Ислам дінін насихаттау, мұсылман үмбетіне жеткізу Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құзырында. Ал, жиналған жамағатқа уағыз айту құқығы мүфтият тарапынан бекітілген мамандарға ғана тиесілі.