Қазақта «Адасқанның айыбы жоқ, қайта үйірін тапқан соң» деген сөз бар. Теріс ақпаратқа еріп, жат ағымның жетегінде кеткен жастарымыз өздерінің адасқанын түсініп, дәстүрлі жолға оралып жатса, оларды жатсынбаған жөн. Шымкент қаласы ДІБ Дін мәселелерін зерттеу орталығының теологы Икрам Айтаевтың айтуынша, 2021 жылы жүргізілген оңалту жұмыстарының нәтижесінде 151 адам ата-бабамыз ұстанған Ханафи мәзһабына оралған.