2015 жылғы 2 мамырдан бастап күшіне енген, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 250 бұйрығымен Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалар өткізетін тауарларға жататын, жеке пайдалануға арналған тауарларға, оның ішінде діни әдебиеттерді әкелу үшін сандық шектеу белгіленген.
Бүгінгі күнге әрбір атаудан жиілігі айына 1 реттен аспайтын 2 дана жеке пайдалануға арналған діни әдебеиттерді әкелуге сандық шектеу бекітілген.