Дінге бөлінген ұлт ешқашан тұтас халық бола алмайды. Мысал ретінде Серб, Хорват, Боснияны алалық. Негізі бұлар Славян халқы, тілі, түрі бір, мекендейтін жері ортақ. Серб – православ, Хорват – католик, Босния – ислам дінінде. Үш дінге бөлінуіне байланысты үш түрлі этнос болып қалыптасты. Бір сәт тарихымызға үңіліп қарар болсақ, жалпы ислам дінінің 1400 жылдық тарихының қазақ жеріндегі ғұмыры 1200 жылдай уақыт өткендігін көреміз. Қазақ топырағында жеке мүфтилік құрылғанының өзіне 100 жылдан аса уақыт өткенін байқауға болады. Қазақ халқы небір қиыншылық, зобалаң заманда да ислам дінін тастап, басқа дінге кеткен жоқ. Ұлтының келешегін ойлаған әрбір азамат әлемдік жаһанданудың құрбаны болмас үшін өз туған тілі мен ата-бабамыздың сан ғасыр бойы ұстанып келген діні мен ділін көзінің қарашығындай сақтап, бар жан тәнімен білуге тиіс. Егер де тілімізден, дінімізден және ділімізден ажырайтын болсақ, келешекте қазақ ұлты жер бетінен жоғалып кететіні айдан анық.