Kazislam порталына 2019 жылғы тамыз айында діни экстремизмнің алдын алу, деструктивті діни ағымдардың қауіптілігіне қатысты жарияланған материалдар туралы ақпарат
«Дінтанушылар конгресі» қоғамдық бірлестігі «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде Kazislam.kz порталының ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету жұмысы ұйымдастырылды.
Осы міндеттеме негізінде Қазислам порталы мемлекеттің діни саясатындағы ұстанымын түсіндіру жұмыстары және діни экстремизмнің алдын алу, деструктивті діни ағымдардың қауіптілігіне қатысты бірқатар жұмыстар жүргізді.
Күнделікті мемлекеттік саясат жөніндегі жаңалықтардан бөлек, толымды ақпарат беретін мақалалар үзбей салынып тұрды.
Порталға тамыз айында барлығы 440 материал салынған. Олардың ішінде күнделікті салынатын «Жаңалықтар» айдарында 325 жаңалық жаияланған. Оның 80-нен астамы деструктивтік сипаттағы діни ағымдар туралы, олардың қоғамға төндіретін қатері жөнінде жан-жақты жаңалықтар.
Ал қалған жаңалық мемлекеттің дін саласындағы саясатына қатысты республика бойынша әртүрлі форматта ұйымдастырылған іс-шараларды, тұрғындардың діни-құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру, еліміздің зайырлылығы және құқықтық сипаты туралы, дін саласындағы мемлекеттің саясаты, мемлекеттің дін саласындағы ұстанымдары туралы материал.
Тамыз айында «Мақалалар» айындарында барлығы 49 мақала жарияланса, соның ішінде деструктивтік сипаттағы діни ағымдар, діни радикализм туралы 7 мақала жаряланған.
Мәселен Е.Назарұлының «Радикализмге қарсы күрестегі әйелдер ұйымдарының рөлі», Айша Кеңесбай «Адасқанның алды жөн бе?..», Тұрар Түгелұлының «Радикал шәкірт қайдан шығады?», А.Айтенованың «Жат ағымның жетегінде тоқырауға ұшыраған тағдыр», C.Биляловтың «ЖУСАН: Обзор и итоги гуманитарной операции» және «Экстремизм с женским лицом» материалдары қоғамдағы өзекті мәселелер қамтылған.
Қалған материалдар дәстүрлі діннің негізгі құндылықтары, мемлекеттің дін саласындағы саясаты жайындағы мақалалар берілген.
«Сұхбат» айдарында Маңғыстау облысының дін істері басқарма басшысы Ерлан Есбергеновтың «Нетрадиционные религиозные течения не существуют в вакууме», сұхбаты және Ақтөбе облысы дін істері басқармасы «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы басшысының орынбасары Төлеген Талдыбаевпен «Сириядан келгендерден де қауіптілері ел ішінде» тақырыбында сұхбат өрбіген.
Сонымен қатар Асқар Сабдиннің «Деструктивті ағымның мақсаты – адамды өздерінің құлы қылу», Антипин Александрдың «Экстремисты выступают против разнообразия в обществе» сұхбаттарында діни экстреимзмнің алдын алу және радикалды идеологияға қарсы тұру мәселелері кеңінен ашықталған.
Kazislam.kz порталының материал жариялауда ең басты ұстанымы конфессияаралық мәселелер, мемлекеттің зайырлылық ұстанымдары, толеранттылық пен азаматтық бірегейлікті қалыптастыру, еліміздегі діни бірлестіктер мен діни теріс ағымдардың қызметтері туралы, діни экстремизм мен терроризмді насихаттайтын идеологиялардың таралуын ауыздықтау, радикалдық діни идеологияны жақтаушылардың, оның ішінде қылмыстық-түзету мекемелерінде жазасын өтеушілердің арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, сонымен қатар дәстүрлі діннің құндылықтары кеңінен жарияланады.