Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ел мұсылмандары ынтымақта тіршілік етіп, ұлтаралық және дінаралық тұрақтылықты сақтауға орасан үлес қосатын маңызды құжат – Діни басқарманың 2020 жылға дейінгі даму Тұжырымдамасын қабылдады.
Осы құжат діндарларымыздың дүниетанымына, мінез-құлығы мен ішкі жан-дүниесіне оң ықпал ететін рухани күш және еліміздің мұсылман қауымының бұдан кейін күнделікті қызметінде басшылыққа алатын қолындағы құжаты деп есептеуге болады.
Менің ойымша, ҚМДБ Тұжырымдамасының негізгі идеясы еліміздің мұсылман қауымын біріктіру. Осы Тұжырымдама туралы арнайы мақала дайындап жатырмын, сол жерде кеңірек тоқталатын боламын.