Ағаштың тамырына құрт түссе, діңгегі құлайды. Адамның санасына «құрт» түссе тегі бұзылады. Бақытжан Баймұсаев елімізде қызметіне сот шешімімен тыйым салынған діни экстремистік ұйымның сойылын соққан. Жалпы, таблихтар ғылым мен білімге, мәдениет пен тазалыққа зейін қоймайтын тұрпайы топ. Балама ойлар мен пікірлерді жоққа шығарады. Ал, исламның Ханафи бағытына мұндай біржақтылық тән емес.