Діннің негізін жеңілдік, қолайлылық құрайды. Алла Тағала «Хаж» сүресінің 78-ші аятында бұл мәселеге қатысты: «Алла Тағала дінді сендер үшін ауырлатпады»,-деп бұйырады.
Ақиқат дін адамды бір әлекке салмайды. Негізінде жеңілдік рақымдылықтан туындайды. Түп негізгі мағынасы: мейірімділік.
Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) бір сөзінде адамдарды мейiрiмдiлiкке үндеп: «Алла Тағала пенделерiнiң iшiнде рақымды болғандарына рақым етедi»,-десе, екінші бір сөзінде: «Ар-Рахман (Алла Тағаланың «рақымды болушы» сипаты) басқаларға рақымды болған пенделерiн өзінің рақымына бөлейдi. Жердегiлерге рақым етсеңдер, Алла Тағала сендерге рақым етедi»,-деген («Сунәну Әби Дауд»).