Сұрақ: Діндарлықтың негізгі өлшемдері туралы түсіндіріп берсеңіздер.
Жауап: Әлемдік діндер арасында егжей-тегжейлі қарағанда көптеген айырмашылықтар болса да, діндарлықтың негізгі өлшемдері көрініс табатын жалпы салаларда айтарлықтай ұқсастықтар бар екендігі белгілі. Бұл ұқсастықтар Жаратушының сипаты, Жаратушыға сиыну түрі, діни түсініктер, сенім мен құлшылықтар және оларға әсер ететін факторлар, дін мен Жаратушыға деген сенімнің пайда болуы, діндарлық түрлері және дін-құндылық қарым-қатынастары скекілді өлшемдерден тұрады.
Дін мамандары діндарлықтың осы өлшемдерін негізігі бес категорияға бөліп қарастырады. Олар:
- Идеологиялық өлшем: жер бетіндегі барлық діндерде біріктіретін, бір орталыққа шрғырландыратын өздерінің сенімі (ақидасы) бар. Осы сенім өзіне сенетіндерді бірараға алып келеді.
- Әдет-ғұрып өлшемі: Әрбір дерлік діни дәстүр өзінің бойында бірқатар тәжірибелер, іс-әрекеттер мен оқиғаларды қамтиды. Яғни, дұға жасау, ғибадат, қажылық, құрбандық шалу, қасиетті кітапты оқу түріндегі әртүрлі амалдарды орындау бар.
- Тәжірибелік өлшемі: Әрбір діннің әр мүшесі өзі сенетін Жаратушысын тікелей жүрегімен сезінеді және сол арқылы Жаратушысымен байланыс жасайды.
- Ментальдық (ақыл) өлшем: Әр діннің ұстанушылары өз діндерінің негізгі нанымдары мен құндылықтары туралы білім мен ақпаратқа ие.
- Ықпал ету (әсер ету) өлшемі: Діндар болып өмір сүрудің қоғамға тигізетін моральдық көзқарастары болады. Діндарлық өмір осы жалпы қағидаларды сақтауға және жалғастыруға бағытталады.
Жоғарыда аталған өлшемдер адамның діни өмірін терең және кең түрде жан-жақты қамтып, ғылыми әдіспен зерттейді және жіктейді.
Балғабек Мырзаев