Бүгін Дін істері комитеті дінтану сараптамасын жүргізу жұмыстарына қатысты дін саласы мамандарына арналған семинар жұмыстарының бірінші кезеңін өткізді.
Онлайн-семинарға Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Әнуар Хатиев, аталған Комитеттің Дінтану сараптамасы басқармасының қызметкерлері және Алматы, Шымкент қалалалыры мен Алматы, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстарының сала мамандары қатысты.
Ә. Хатиев өзінің алғы сөзінде дінтану сараптамасын жүргізу саласында мамандардың заңдық және кәсіби тұрғыда біліктілігін арттыру қажеттігі мен салалық мамандардың өзара тәжірибе алмасу алаңын одан әрі жетілдіруге қатысты өз ойларымен бөлісті.
Сондай-ақ қоғамның дін саласындағы заңнамалық сауатын және түсіндіру жұмыстарын одан әрі жетілдіру қажеттігін атап өтті.
Семинар барысында өңірлік Дін істері басқармаларының және олардың ведомствалық бағынысты Дін мәселелерін зерттеу орталықтарының қызметкерлері өңірдегі дінтану сараптамасына қатысты өзекті проблемалар мен сұрақтарға жауаптарын алып, нәтижелі пікір алмасты.