Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директоры болып Халықов Медет Мұзапбарұлы тағайындалды.
Халықов Медет Мұзапбарұлы 1992 жылы Түркістан облысында дүниеге келген.
Білімі жоғары. Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің түлегі.
2011 жылы Түркия Республикасы, Сивас қаласы «Республика университеті», Теология факультеті, ислам ғылымдарын тереңдетіп оқыту бойынша тағылымдамадан өткен.
Еңбек жолын 2014 жылы облыстық дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ дінтанушы маманы ретінде бастаған.
2015-2016 жылдары – «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ бөлім басшысы.
2016-2017 жылдары – ҚМДБ-ның жүйесінде имам қызметін атқарған.
2018-2020 жылдары – «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің «Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру» бөлімінің басшысы.
2020 жылдан бастап аталған лауазымға тағайындалғанға дейін облыстық дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің директорының орынбасары қызметін атқарған.
Раушан НАРБЕК,
Түркістан облысы