Сұрақ: «Дін мәдениеттің негізін қалаған» деп айту қаншалықты орынды?
Жауап: Дін мәдениеттің негізін қалаған, ең маңызды динамикалардың бірі. Егер де ислам діні қоғамның өркендеуіне жақсы жағдайлар жасамағанда, халық оған соншалықты қолдау көрсетпесе біздің мәдениетіміз мен өмірімізде өшпес із қалдырмаған болар еді.
Исламның таралуы Орталық Азияға 7 ғасырдың соңдарында жеткені белгілі. 14 ғасырда Сатұқ Бұғраханның Караханлылар мемлекетін құруымен Ислам өзінің аймақтағы дамуының шыңына жетті. Яғни, исламның Қазақстан аумағында XIV ғасырлық тарихы бар. Сол кездерден бастап Мәуераннахр ғылым мен мәдениетті орталығына айнала бастады. Тарихи және жергілікті салт-дәстүрлерге бейімделген жергілікті ерекшеліктер мықтылығын сақтай отырып ислам негіздерінің ішінде өз орнын сақтады. Тасаууф (сопылық) ілімінің ықпалымен сол дәуірде қарапайым, кейбір өңірлерде шариғат ережелерін қатаң жүзеге асыруды міндеттемейтін діни түсінік кеңінен тарады.
Исламның таралуымен бірге мықты бір ғылым мен мәдени қозғалыстардың нәтижесінде Орталық Азия мыңнан астам ғұламалар шығарған даңғаза ғылым ордасына айналды.
Юсуф Хаж Хажиб Баласағұни (470-1077), Ахмет Ясауй (562-1166), әл-Фараби, (339-950), Сығанақи (711-1311) секілді үлкен ғұламалар мен Қарнақ, Яссы, Тараз, Ақмола медреселері мұсылмандықтың бізге қалдырған тамаша мұралары.