Сан ғасырлар бойы қазақ халқының бойында бір Құдайға сыйыну үрдісі, «дінім – Ислам, кітабым – Құран» деген ұран қалыптасты. Ұлттың табиғатына тән, тұрмыс-тіршілігімен тығыз байланысты заман талабына сай пайда болған «дәстүрлі Ислам» ұғымына қатысты қоғам тарапынан түсініспеушіліктер бар. Бул турасында ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков айтып берді.