Владимир Путин кешегі жолдауында Ресейдің Стратегиялық шабуалдаушы қару-жарақтар (СШҚ) туралы келісімшартты тоқтата тұратынын мәлімдеді. Іле-шала БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш екі елді қайтадан келісімге келуге шақырды.
СШҚ – Ресей мен АҚШ арасында қабылданған келісімшарт. Ол ядролық қару-жарақтар санын қысқарту және шектеуді көздейтін құжат.
«Бұны айтпауға болмайды: ядролық қару-жараққа бақылау қойылмаса, әлем қазіргіден де қауіптірек әрі тұрақсыз бола түседі. Оның салдары өте ауыр болуы мүмкін», – деді БҰҰ басшысы.
Оның айтуынша, бұл келісімшарт тек Ресей мен АҚШ-тың ғана емес, бүкіл әлемнің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп тұр.
Нақтылай кетсек, кеше Владимир Путин СШҚ туралы келісімшартты тоқтата тұру туралы айтқанымен, одан толықтай бас тартпайтынын мәлімдеген болатын.