Жақында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы елдегі орын алған жағдайға байланысты шеруге шығудың шариғи үкімін жариялаған болатын. «Халық өз талап-арыздарын басшыға жеткізу мақсатында бейбіт шеруге шығуына рұқсат. Егер шеруге шығудың соңы бүлікке, арандатушылыққа алып барса, ондай шеруге шығу – үлкен күнә, харам» – делінген пәтуада.