Бұған дейін біз Ресей Бұхаридың сахих хадистер жинағын экстремистік деп ресми түрде таныған әлемдегі тұңғыш ел болғандығын жазған едік. Еске сала кетсек, Татарстанның Лаишев аудандық соты аталған жинақты экстремистік материал деп таныған болатын.
Дегенмен, жуырда Самарадағы кассациялық сот ол бұған дейінгі үкімнің күшін жойды. Осылайша Ресей мұсылмандарының мүддесін қорғаған Ұлттық заңгерлер қауымдастығы адвокаттарының шағымы қанағаттандырылды.
Аталған іс Татарстанның Лаишев аудандық сотына қайтарылды.