Сұрақ: Әбу Мұхаммад ас-Сабунидің қандай еңбектері бар?
Жауап: Нураддин ас-Сабунидің бізге белгілі үш еңбегі бар: «әл-Мунтақа», «әл-Кифая» және «әл-Бидая». Дереккөздер оның бұлардан басқа шығармалары бар екендігін тілге тек етеді. Оның бірі – «әл-Муғни». Аталған дереккөздер мұның усули-д-динге қатысты еңбек екендігін ортаға қояды. Оның атын алғаш атаған – ибн Кутлубоға (ө.879/1474) [1]. Ол кітабында бұдан басқа тек әл-Бидаяны ғана атаған. Тамими (ө. 1010/1601) де ибн Кутлубоғаға сүйене отырып, осы екі еңбекті баяндайды [2]. Мұны Суллату-л-вусулдан [3], Кашфу-з-зунуннан [4] және Хатияту-л-арифиннен [5] кездестіре аламыз. Бірақ, мұның қате екендігі белгілі. Өйткені, ибн Кутлубоға автордың әл-Кифаясын атамайды. Әл-Бидая атты мұхтасарымен танылған Сабуни осы тақырыпта қанағаттанарлық, өзге еңбекті оқуға деген қажеттіліктерді сезіндірмейтін еңбегінің атын әл-Кифая деудің орнына әл-Муғни деп атаған болуы мүмкін.
Балғабек Мырзаев
[1] Тажу-т-таражим, парақ 4.
[2] Ат-табақату-с-сания, парақ 112.
[3] Парақ 38.
[4] І, 1751.
[5] І, 87.