Жұма, 10 Қазан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Бізге қалған мұра – Тәуелсіздік

15.12.2022
- Қоғам, Мақалалар, Таңдаулы
0
528
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Өткен ғасырды парақтар болсақ қанқұйлы соғыс, аштық, репрессия, ұлттың тәуелсіздігі үшін болған үздіксіз жеңіліспен аяқталған көтерілістер. Одан қалса атом сынақ алаңына айналған күйік, сасыған дала. Соңғысы 1986 жылғы Тәуелсіздік үшін болған жастардың толқуы. Арты желтоқсанның қытымыр аязында үстеріне мұздай су шашып, мұзда тепкі көрген жас қыздар мен жігіттер.

Бұл оқиға Тәуелсіз Қазақстанның тарих беттерінде «Желтоқсан оқиғасы» деген атпен сақталып қалмақ. Осы көтерілістің арты бірнеше жылдан кейін Кеңес үкіметінің құлап жаңа Тәуелсіз Қазақстан Республикасының құрылуына алып келді. Міне биыл еліміздің егемендік алғанына 30 жылдан асты. Осы отыз жылдың ішінде елімізде көптеген оқиғалар болып өтті. Жаңа астана салынды. Әлемдік деңгейде өткен дін лидерлерінің съездерінің қаншамасы өтті. Түркістан қаласы жаңа облыс орталығы болды. 2021 жылғы жалпыұлттық санақ бойынша халқымыздың саны 19 млн нан асып қазақ халқының саны 70,18% ға жеткен.

Жыл басы еліміз үшін үлкен қайғылы жағдаймен басталғаны рас. Бейбіт басталған шеру қолына қару асынған өзге мақсатты көздеген арам пиғылды адамдардың ойынына айнала жаздады.  Бұл күндер Қазақстанның тарих беттерінде 200 ден аса адамның қаза болуына байланысты «Қасіретті қаңтар» трагедиясы деген атпен қалды. Кезінде неміс императоры Отто фон Бисмарк: «Революцияны идеалистер ойлап табады, реалистер орындайды. Ал нәтижесін оңбағандар көреді» дегенді айтыпты деген сөз осындай жағдайға айтылатын секілді. Абырой болғанда мемлекет басшысының табандылығы арқасында еліміз үлкен бір пәледен аман қалды. Әрине өткенге салауат айтып, елімізде енді мұндай жағдай қайта болмасын деп тілейік.

Осы тұста еліміз шын мәнінде бабаларымыз аңсап кеткен тәуелсіздігімізден айырылып қала жаздадық. Себебі шет елден келген террористік топтар мен елімізде жүрген қой терісін жамылған қасқырлардың ойы бір жерден шығып ел арасында топалаң салды. Әрине қазіргі күнде бұл оқиғаға біздердің қатысымыз жоқ, мұны істеген Матурудилер деп қарапайым халыққа жала жауып өздерін ақтай жөнелетіндері де бар. Бірақ өзі секілді бағыттағы адамдардың жасаған әрекеті екенін бейнебақылау жүйелері жалпақ жұртшылыққа көрсетіп берді. Сол себепті елімізге теріс діни бағыттардың қауіптілігі қандай екенін бағамдай беруге болатын секілді. Бұл теріс діни бағытты ұстанушы топтардың ең негізгі белгісі әрине сауатсыздық. Себебі қазіргі таңда сауатсыздық деңгейі ең жоғары аймақ Таяу Шығыс елдері. Тиісінше сырты мұсылман іші мұсылмандықтан ада адамдардың ең көп шоғырланған аймағы да осы отты ошақтар болып тұр. Сөзіміздің дәлелі ретінде «Жусан» арнайы гуманитарлық операциялары кезінде де бұл жағдайларды байқаған болатынбыз. Тек діни білімдерді ғана үйретіп, дүниелік ғылымнан бас тартқан жас жеткіншектердің жануарлардың атын білмейтін болып шықты. Сол себепті еліміздің Тәуелсіздігі мәңгілік болсын десек тек «мен намаз оқысам болды, Құдай мені сүйеді» деген ойдан арылуымыз керек.

Израиль мен ХАМАС арасындағы бітім қашан басталады

Израиль мен ХАМАС арасындағы бітім қашан басталады

09.10.2025
Ауғанстанда бірқатар әлеуметтік желілерге кіруге шектеу қойылды

Ауғанстанда бірқатар әлеуметтік желілерге кіруге шектеу қойылды

09.10.2025

Сол себепті кертартпа ойлардан арылып еліміздің жастарының жасауы тиіс басты міндеті – әлемде жер көлемі жағынан тоғызыншы орынды алып жатқан алып территориямыздың тәуелсіздігін қандай жолмен болса да қорғау болмақ. Әлемнің кейбір отты ошақтарындағыдай шешілмеген шекара мәселесі жоқ. Бірақ әлемнің дамыған мемлекеттерінен білім жағынан кенже қалып отырғанымыз ақиқат.

Кезінде Жиренше шешен Әз -Жәнібектің не өлмейді? деген сұрағына: Ғалымның аты өлмейді,

Жазған хаты өлмейді деген екен.

Хакім Абай өзінің жиырма бесінші қара сөзінде «….. Құдайдан қорық, пендеден ұял, балаң бала болсын десең – оқыт, мал аяма!…» деп жалпы қазақты оқуға, білім алуға үндейді. Қазақтың ағартушы ұстазы Ы.Алтынсарин атамызда өзінің өлең жолдарын:

Бір Аллаға сыйынып,

Кел балалар оқылық, – деп қазақ балаларына хрестоматия жазып, тек білім беруге, әріп танытуға ұмтылған.

Алаш Орданың негізін қалаған Әлихан Бөкейханов өзінің бір сөзінде: «Біздің жұрт бостандық, теңдік, құрдастық, саясат ісін ұғынбаса, тарих жолында тезек теріп қалады»  деген екен. Ал біз осы сөздің жанына білімді болуды қосып қойсақ сөкеттігі болмас. Себебі XXI ғасыр білім мен технологияның заманы. Ал Тәуелсіздігімізді мәңгілік болсын десек тек біліммен ғана болмақ.

 

Қ.Қосмаханов
Түркістан облысы дін істері басқармасының
«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің
теолог  маманы
 Раушан НАРБЕК

Таңбалар: тәуелсіздік
Бөлісу12Твитерге8Бөлісу3Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Мальта Палестинаның тәуелсіздігін мойындамақ
Жаңалықтар

Мальта Палестинаның тәуелсіздігін мойындамақ

26.05.2025
Отыз жылдың ой толғауы
Сұхбат

Отыз жылдың ой толғауы

21.05.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
АллатРа деген қандай ағым?

АллатРа деген қандай ағым?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Израиль мен ХАМАС арасындағы бітім қашан басталады
Қоғам

Израиль мен ХАМАС арасындағы бітім қашан басталады

09.10.2025
Ауғанстанда бірқатар әлеуметтік желілерге кіруге шектеу қойылды
Жаңалықтар

Ауғанстанда бірқатар әлеуметтік желілерге кіруге шектеу қойылды

09.10.2025
Сұрақ-жауап

Қандай жағдайларда ғұсыл алынады?

09.10.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

      Update Required Flash plugin
      -
      00:00
      00:00
        Сұрақ қою
        Сұрақ қою