Журналистер Ескендір Тасболат пен Қазбек Құлышев Ресей Мемлекеттік Думасы депутаттарының Қазақстанның жеріне қатысты мәлімдемелеріне байланысты елордамызда шағын сауалнама жүргізді. Олар Нұр-Сұлтанда тұратын орыс халқы өкілдерімен тілдесіп, көтеріліп отырған мәселеге байланысты пікірлерін білді.
Сауалнамаға қатысқан ел азаматтары “Бұл мәлімдемелер – арандатушылық”, “Елдегі тыныштыққа сызат түсіретін жағдай, олардың айтқан сөздеріне ермеуіміз керек”, “Ресей депутаттары, сендер алдымен өз елдеріңде тәртіп орнатып алыңдар. Бізге алаңдамай-ақ қойыңдар, Қазақстанда бәрі жақсы, тәртіп бар”, “Біз Қазақстанды, Отанымызды сүйеміз” деп, еліміздегі бірлік пен тыныштықты сақтауға шақырды.