Журналистер Ескендір Тасболат пен Қазбек Құлышев Ресей Мемлекеттік Думасы депутаттарының Қазақстанның жеріне қатысты мәлімдемелеріне байланысты елордамызда шағын сауалнама жүргізді. Олар Нұр-Сұлтанда тұратын орыс халқы өкілдерімен тілдесіп, көтеріліп отырған мәселеге байланысты пікірлерін білді.

Сауалнамаға қатысқан ел азаматтары «Бұл мәлімдемелер – арандатушылық», «Елдегі тыныштыққа сызат түсіретін жағдай, олардың айтқан сөздеріне ермеуіміз керек», «Ресей депутаттары, сендер алдымен өз елдеріңде тәртіп орнатып алыңдар. Бізге алаңдамай-ақ қойыңдар, Қазақстанда бәрі жақсы, тәртіп бар», «Біз Қазақстанды, Отанымызды сүйеміз» деп, еліміздегі бірлік пен тыныштықты сақтауға шақырды.

Пікір жазу