Осы жылы қажылық парызы қалай өтетіні таяуда Сауд Арабиясы Корольдігі COVID-19 пандемиясы салдарынан туындаған проблемаларға нақты бағасын бергеннен кейін белгілі болмақ.
Бұл туралы елдің Ақпарат министрі Мәжит әл-Касаби мәлімдеді.
Эр-Рияд қаласында өткен конференцияда ол Саудия билігі пандемия туралы жаңалықтарды жіті қадағалап отырғанын және таяу күндері қажылық пен умра және денсаулық сақтау министрлері өздерінің шешімдерін жариялайтынын айтты.
«Біз вирустың таралуынан туындаған залалды тиянақты және дұрыс анықтауымыз керек. Биыл қажылық еліміздегі немесе басқа мемлекеттердегі індеттің таралу себебіне айналуын қаламаймыз», – деді әл-Касаби.