– Сонымен, «Базз Лайтер» мультфильміне біз не үшін тыйым салдық?
– Өйткені, онда «біржынысты махаббат» ашық насихатталды.
– Әркім не көремін десе де, өз қалауы ғой? Таңдау еркіндігі болуы тиіс емес пе?
– Хадисте «Айналаңда дұрыс емес іс жасалып жатқанын көрсең, шамаң жетсе қолыңмен тоқтат, оған шамаң болмаса айтып тоқтат, оған да мүмкіндігің жетпесе, іштей жек көр. Бұл иманның ең әлсізі» деген. Сондықтан қоғамда болып жатқан жағдайларға әрқайсымыз жауаптымыз.
– Біржынысты қатынасты жаман нәрсе деп кім айтты? Құдайдың өзі солай қылып жаратқан болса, әлгі адамдардың кінәсі қанша?
– Адамды Құдайдың өзі қызтеке қылып жаратса, оны «шектен шыққан азғындық» деп атамас еді.
– Қашан олай деп айтыпты?
– Құрандағы «Ағраф», «Қамар», «Нәміл», т.б. сүрелерді оқысаңыз болады.
– Ал ғылым басқаша айтады. Қызтекелер туғаннан сондай болған дейді?..
– «Адамды маймылдан жаралған» дейтін өтірік ғылымдар болмаса, шын ғылым мен Құран ешқашан бір-біріне қайшы келмеген. Әлде қайшы келген жері бар ма, мысал келтіре аласың ба?
– Дәл қазір ойымда жоқ, бірақ ойланып көру керек.
– Сен ойланып болғанша, мен саған азғындықтың не екенін және ол адамзатты қайда апара жатқаны туралы айтып берейін.
– Иә, айтыңыз.
– Азғындық – тоғанның ішінде тұрған су сияқты. Егер бір шеті ашылып кететін болса, ол суды тоқтату қиын. Айналаның бәрін жайпайтын алапат тасқынға айналады. Азғындық та сондай: егер бір еркіне жіберсең, адамзат баласын құртып бітіргенше тоқтамайды.
– Ол қалай сонда?
– Мәселен, адам бір азғындықты істеуді қалайды. Егер ол соны жасаса, онымен тоқтап қалмайды, келесі азғындықты қалап тұрады. Оған қол жеткізсе, одан кейінгісін қалайды. Осылай жалғасып кете береді.
– Ал «біржынысты махаббат» баяғы заманнан бар нәрсе емес пе? Неге адамзат баласын жойып жібермеген?
– Ол бұрын дәл бүгінгідей жаппай насихатталып, ашық түрде көрініс тапқан жоқ. Ал жаппай таралып кеткен қауымдарды Алла жер бетінен жойып жіберіп отырған. Бұл туралы Құраннан да, тіпті Інжілден де оқысаң болады.
– Азғындықты тоқтатпаса, жаппай таралып кете береді дегеніңізге күмәнмен қараймын. Болашақта адамның бәрі бірдей «біржынысты махаббатқа» беріліп кетпейтін шығар енді?
– Ендеше мен саған азғындықтың «даму» хронологиясын айтып берейін. Содан кейін түсінесің.
– Иә, айтыңыз.
– ХХ ғасырға дейін әлемнің барлық елінде бүгінгі «екіжақты келісіммен болған төсек қатынасы», яғни зинақорлық қылмыс саналғанын білетін шығарсың. Қазақ жерінде, Ресейде, Еуропада, мұсылман елдерінде – бәрінде де еркек пен әйелдің некесіз қатынасқа түскені анықталса, оларды соттайтын, тіпті өлім жазасына кесетін.
– Оған қандай дәлеліңіз бар?
– Ол жайында мәліметтер өте көп. Алысқа бармай-ақ Тәуке ханның Жеті жарғысын оқып қарасаң, онда көзге шөп салуға қатысты арнайы бап бар. Яғни бұрын қай елде болмасын, зинақорлық ауыр күнә әрі қылмыс саналды. Адамдар еркек пен әйелдің некесіз төсек қатынасына түскенін естісе, жағаларын ұстап, шошитын.
– Сосын?
– Сосын біраз уақыт өтті. Біртіндеп барлық елдердің заңдарынан «зинақорлық» бабы алынып тасталды. Яғни ол қылмыс болмай қалды. Біз өмір сүрген КСРО заңнамасында да ондай бап болған жоқ. Адамдар да оған еттері үйреніп, бұрынғыдай шошына қарамайтын жағдайға жетті. Ыңғайын тапсаң, жасай беруге болатын ермек секілді болып қалды.
– Иә, мен де оны қылмыс деп санамаймын. Амалын тауып, арасында қыздарға барып тұрсаң несі айып?..
– Қазір біз солай ойлаймыз. Бұрын олай емес еді. Ал бірақ, Кеңес Одағының Қылмыстық кодексінде «қызтекелік» деген арнайы бап болғанын білесің бе?
– Жоқ, білмейді екем.
– Сондай бап болған. Орысша «мужеложство» деп аталды. Ол заманда адамдар зинақорлыққа бойларын үйрете бастағанымен қызтекелікке келгенде жандары қас еді. Егер еркек пен еркектің төсек қатынасына түскені анықталса, заң бойынша 3 жылдан 5 жылға дейін түрмеге қамалды. Біздің әкелеріміз бен аталарымыз мұндай оқиғаны естісе: «Ақырзаман келген шығар», – деп жағаларын ұстайтын.
– Содан кейін не болды?
– Сөйтіп бүгінгі жаңа заманға аяқ бастық. Кеңес Одағынан кейін Қазақстанның Қылмыстық кодексінде де «Қызтекелік» деп аталатын 104-бап болды, оны білесің бе?
– Шын айтсам, естімеппін…
– Өкінішке қарай, «дамыған» батыс қоғамы секілді боламыз деп сол бапты 1997 жылы алып тастады да, біздің елімізде «біржынысты махаббат» қылмыстар қатарынан шығып қалды. Қазір тек біреуді мәжбүрлемесең болды, кіммен не істесең де, заңымыз оның бәріне «түсіністікпен» қарайды. Оның үстіне адамдар да әбден еттерін үйретіп алған. Таңғалмайтын болдық. Қызтекелік пен лесбиандық қатынастарға қарсылар азайып, қолдаушылар көбейіп барады. Енді саған бір сұрағым бар.
– Иә, қойыңыз.
– Біз бұрын зинақорлықты қылмыс санап едік, кейін оны «заңдастырдық». Қызтекелікті қылмыс деп едік, оны да алып тастадық. Енді ертеңгі күні біржынысты некені заңдастырып, қоғамда біржынысты отбасылар, біржынысты қатынастар көбейсе, адам баласы сонымен тоқтайды деп ойлайсың ба?
– Енді тоқтамай қайда барады?
– Жоқ, мен жоғарыда айтқандай, азғындықты бір бетімен жіберсең, ол адамзатты құртып біткенше тоқтамайды. Біржынысты қатынастың «дәмін» татқаннан кейін адам баласы одан әрі қарай баруды қалайды…
– Ол не болуы мүмкін?
– Педофилия!
– Не айтып кеттіңіз? Бұл мүмкін емес! Ол нағыз шектен шығу ғой?
– Әне, сен де шошып жатсың. Ал кезінде аталарымыз зинақорлық пен қызтекелікті естісе дәл сен секілді төбе шаштары тік тұратын. Бірақ, бүгін біз оған үйрендік емес пе? Оларды күнә деп те, қылмыс деп те санамайтын болдық қой?
– Иә, рас айтасыз.
– Міне, қызтекеліктен кейінгі келесі кезек – ол педофилия. Бүгінде Қазақстанда да, басқа әлемде де педофилия ауыр қылмыс саналады. Бірақ, қызтекелерді жақтап: «Олар да қоғамның бір мүшесі. Олардың құқын қорғауымыз керек» деп жүрген адамдар ойлануы тиіс: сендер ертеңгі күні «Педофилдердің де құқын қорғау керек» дейтін заманды жақындатып жатсыңдар!
– Оған қандай дәлеліңіз бар?
– Дәлел керек болса, қазіргі күннің өзінде Еуропа мен Америкада осы мәселені көтеретін адамдар мен ұйымдар пайда болып жатыр. Мәселен, Канада парламенті 2011 жылы педофилияны қызтекелік секілді сексуалды ориентацияның бір түрі ретінде таныды. Ал АҚШ-та педофилияны заңдастыруды жақтайтын арнайы ұйымдар бар. Олар да дәл сендердің бүгінгі сөздеріңді айтып жүр: «Құдай оларды солай қылып жаратқан. Педофил болғаны үшін олар кінәлі емес» дейді.
– Шынымды айтсам, мен қызтекеліктің арты осындай жағдайға апарып соғуы мүмкін екендігін ойламаппын…
– Тағы дәлел керек болса, тарихтан да сыр шертейік. Италиядағы Помпей қаласын естіген шығарсың?
– Иә, естігенім бар.
– Б.з.д. 79 жылы 24 тамызда, яғни осыдан тура 2101 жыл бұрын дәл осы күні Везувий жанартауы атқылап, Помпей қаласын жермен-жексен қылғаны белгілі. Екі мыңдай адам 6 метрлік лаваның астында қалды. Қазба жұмыстары нәтижесінде бүгінде мыңнан астам адамның қаңқалары табылған. Ыстық лаваның қаланы тез көмкергені сондай, тіпті адамдар не істеп жатқан болса, сол қалпында қатып қалған. Олардың көбі сол сәтте жыныстық қатынас жасап жатыпты. Өкінішке қарай, арасында біз айтып отырған педофилия көріністері де аз емес екен…
– Бұл Неапольдағы Помпей музейі ғой. Ол жерден педофилия көрінісін байқамаппын…
– Италия үкіметі табылған жәдігерлердің бәрін көпшілікке жарияламай отыр. 2000 жылға дейін музейдің өзі де жабық еді. Кейін ашқанымен, италияндықтардың абыройына нұқсан келтіретін кейбір заттарды жариялау ерте деген пікірде.
– Сонда бұл нені білдіреді?
– Сен Везувийдің атқылауы кездейсоқ болған жағдай деп ойлайсың ба?
– Әбден мүмкін.
– Ал мен олай ойламаймын. Бұл Құрандағы Лұт пайғамбар (ғ.с.) қауымының, Інжілдегі Содом мен Гоморра халқының басына келген жағдайлармен тұп-тура сәйкес келіп тұр.
– Енді бізді де сондай жағдай күтуі мүмкін дегіңіз келе ме?
– Азғындыққа жол берген, оны жақсы көрген, оның таралуын қолдаған кез келген елді және кез келген адамды өзінің лайықты жазасы күтеді.
– Дәлеліңіз бар ма?
– Құраннан екі аят пен бір хадис келтірейін:
1) «Расында мүміндердің ішінде арсыздық жайылуын жақсы көргендерге осы дүниеде, ақыретте күйзелтуші зор азап бар». («Нұр» сүресі, 19-аят)
2) «Кім шектен шықса, (нәпсісінің жетегінде кетсе)… онда күмәнсіз баратын жері – тозақ. Ал кімде-кім Раббысының алдында тұрудан қорқып, өзін (нәпсісін) құмарлықтан қайтарса, онда күмәнсіз баратын жері – пейіш». («Назиат» сүресі, 37-41)
3) Пайғамбарымыз Мұхаммед ﷺ былай деген: «…Қай елде Лұт қауымының күнәсі көбейсе, оларда жер жарылу, тарту оқиғалары көбейеді. Қандай да бір қауым жақсылыққа бұйырып, жамандықтан тыюды тастайтын болса, олардың ізгі амалдары қабыл болмайды, дұғалары қабыл етілмейді».
– Сіз айтып отырған жайттарды көп адам біле бермейді. Әңгімеміз «Базз Лайтер» мультфильмінен басталды ғой. Соған тыйым салынғанда базбіреулер сіздерді «Орта ғасырдың батпағынан шыға алмай, артта қалып қойған адамдар» деп айыптаған еді. Оларға не айтасыз?
– Бұл мультфильмге әлемде алғашқы болып Біріккен Араб Әмірліктері тыйым салғанын ұмытпайық. Ендеше олардың пікірінше Дубайдың өзі «орта ғасырда қалып қойған» болса, сонда біз кімбіз?.. Тас ғасырындамыз ба?..
– …
Ескендір ЗҰЛҚАРНАЙ