«Қаф» сүресінің 18-аятында: «Аузынан бір сөз шығарса-ақ болды алдында андушы дайын» делінген.
Қазіргі күні әлеуметтік желілерде, істің анық-қанығына бармай жатып, біреуді жамандап, шындықты бетке айтам деген желеумен жұрттың мінін тергіштеп, бетіне басып жүретіндер көп. Атам қазақ «Басқа пәле – тілден» деген. Шәкірім қажы мұндайларға қатысты:
Біреудің мінін көргенше,
Жамандығын тергенше,
Өз ойыңды мазалап,
Өз бойыңды тазалап,
Өзіңмен күрес өлгенше!» дейді.
Мұрат БАЙТУҒАНОВ,
Алматы облысы, Жамбыл ауданы,
Самсы ауылдық «Сәмен баба» мешітінің имамы