– Егер тағдыр адамға мәлім болып мына жарық дүниеде бір сағат қана өмірің қалды десе, не істер едіңіздер?. Мұндай күтпеген сұрақты естіген әлгі үш кісі ойланып былай деп жауап бере бастады:
Бірінші кісі:
– Егер солай бола қалған жағдайда мен бір сағат бойы тек намаз оқып, Алладан жарылқау сұрар едім, – деп жауап беріпті. Осы сұрақты екінші кісіге қойғанда, ол:
– Бүкіл мал – мүлкімді кедей – кепшікке таратып сауап жинап қалар едім, – дейді. Ал, үшінші кісі:
– Мен алғашқы жарты сағатыма білім алып, қалған жарты сағатымда сол білімді басқаларға үйретер едім, – дейді.
Жауаптарды тыңдап болған соң әлгі ғалым оларға былай депті:
– Осы үш жауаптағы амалдың Алла Тағала үшін ең қайырлысы – соңғы кісінікі екен. Білім үйреніп оны елге тарату – әр мұсылманның парызы. Бірақ мұндағы білім деп отырғанымыз – пайдасыз мәліметтер жиынтығы емес, Алланы тану, тақуалықты арттыру және ақ пен қараны ажырату жолындағы ізденіс, деген екен.
Жалғас АСХАТҰЛЫ – дінтанушы