«Үкіні неге іледі?» деп сұрасақ, бұл «баланың тыныштығын сақтайды, баланы қорғап тұрады» деген сенім бар. Яғни, ырым.
Бұған тек жат ағым өкілдері ғана емес, көкірегі ояу, көзі ашық дінге бет бұрған азаматтар да күмәнмен қарайды. Алла қорғамаған баланы қайдағы бір үкі қорғай ма дейді. Осы жайттан «бұрынғы ата-бабамыз сонда адасқан ба?» деген ой тууы мүмкін. Тіпті, өз ата-анасымен сөзге келіп қалып жатқан жағдайлар бар.
«Анашым, бұл Аллаға серік қосу ғой» десе, анасы «жоқ, бұл біздің ата-бабаларымыз орындаған, ұстанған ырымы, демек баланы қорғайды» деп есептейді.
Осындай келеңсіздіктердің алдын алу үшін бүгінгі қоғамға қазақты зерттейтін бір институт керек сияқты. Ол институт қазақтың осы тақылеттес ырым-жораларының мәнін ұғындырып, итке таяқ ұстатқандай етіп түсіндіріп отырса, ұрпақтар арасындағы келіспеушіліктер, жат ағымдағылардың кері тартулары болмас па еді…
Шын мәнінде, үкінің аяғын бесікке ілу баланы белгілі бір тылсым күштен не келе жатқан сәтсіздіктен қорғай алмайды, бірақ, кезінде қазақ көші-қонда жүріп, керегені, туылдырықты түріп қойған кезде даладағы жылан, тышқан секілділер бесіктегі балаға жармасып мазасын алмасын деп ілген.
Себебі үкі – жылан мен тышқан жейтін құс. Яғни, үкінің иісі шығып тұрса, бұл жәндіктер балаға келмейді.
Мақала салт-дәстүр ізденуші, этнограф С. Алдашбаевтың әңгімесінің желісінде жазылды.
Мақсат МҰРАТҰЛЫ,
Ақтөбе қаласының дін мәселелері
және қоғаммен байланыс жөніндегі
орталықтың басшысы
Ислам діні тек қана наным-сенім аясымен шектелмей, сол діндегі елдердің өмір салтына, моральдық-этикалық нормаларына, мәдени-рухани үрдістеріне, дәстүріне айналуы қажет. Кейбір дінді дұрыс түсіне алмай жүрген азаматтар тарапынан қарсылық көрініп жатады бұл – діни сауатсыздық деп ашық айтуға болады!
У всех суеверий существует логическое объяснение, прежде чем набрасываться с обвинениями следует прочитать как минимум информацию про него. Грамотность и аналитика наше главное оружие против неграмотности и невежества.
Ата-бабамыз надан болмаған. Ырым-тыйымдарға зер салатын болсақ, олар тәрбиелік мақсатта қолданылған. Ал ырымдардың түпкі мақсатына үңілмей жатып қарсы сөйлеу барып тұрған наданық, сауаттың аздығының көрінісі.
Мақсат Мұратұлы сіздің мақалаңыздың барлығын қалдырмай оқып жүрмін. Өте керемет қарапайым көшенің тілімен жақсы түсіндіресіз.