БАҚ қызметкерлері күніне орай полиция ведомствосында ішкі істер органдарының баспасөз қызметі мен медиа-орталығының қызметкерлері марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz сайтының тілшісі.
Шараға ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі мен тәуелсіз Қазақстанда жарыққа шыққан “Сақшы” газетінің бірінші бас редакторы марқұм Базарбай Исаевтың жары Құлан Ысқақова қатысты. Сондай-ақ кездесуге онлайн-форматта аумақтық полиция бөліністерінің бастықтары мен өңірлік баспасөз қызметтерінің жетекшілері қосылды.