ҚМДБ Өскемен аймағының бас имамы Ермек Қасболатұлы «Шығыс Қазақстан аймақтық коммуникациялар қызметінде» қасиетті Рамазан айына арналған баспасөз мәслихатын өткізді. Шараға облыс орталығындағы БАҚ өкілдері қатысты.
Бас имам барша мұсылманды он екі айдың сұлтаны Рамазан айының келуімен құттықтап, биылғы оразаның басталу күні, қасиетті кәдір түні, ораза айттың мерзімі, пітір садақасының мөлшері қатарлы негізгі ақпаттарды жариялады.
Ермек қажы Қасболатұлы: «Рамазан айында сауапты амалдарды көбірек жасау аса маңызды. Рамазан айында құр ашығу ғана емес адам өзінің рухани тепе теңдігін сақтап, жан дүниесін жат әдеттерден тыйып, мейірімділікпен имандылыққа жақындауы керек» деп атап өтіп, қасиетті Рамазан айында өңірде өкілдіктің «Қасиетті Рамазан» жоспары аясында тағылымдық-рухани шаралардың көптеп ұйымдастырылатындығын жеткізді. Рамазанда мұқтаждарға қайырымдылық жасалады, қоғамның әлсіз топтары үшін ауызашарлар ұйымдастырылады» деді. Бас имам сонымен қатар журналистердің қойған сұрақтарына жауап берді.
Одан бөлек Ермек Қасболатұлы БАҚ өкілдеріне ҚМДБ-дан жүзеге асырылып жатқан іс-шаралар хақында кең көлемде мағлұмат берді. Мәслихат барысында Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің іс басқарушысы Берік Кәдірұлы облыстық мешітте арнаулы «Рамазан ақпарат бұрышы» ашылғандығын жеткізіп, оразаға байланысты барлық сауалдарға және әртүрлі діни мәселелерге қатысты ақпар мәліметтерді тек мешіттерден және ҚМДБ-ға қатысты ақпарат құралдарынан алу маңызды екендігін айтты.
Сөз соңында Ермек Қасболатұлы күллі мұсылмандарды берекелі Рамазан айымен құттықтап, елімізге бейбітшілік, халқымызға татулық, берекет тіледі.